ЖОСПАР

Кіріспе 3

Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы және полимерлер туралы ілімнің дамуы 4
Полимерлер химиясының жалпы түсініктері және жіктелуі 6
Полимерлердің төменгі молекулалық қосылыстардан негізгі айырмашылықтары 7
Полимер ерітінділері 8
Полимерлер құрылыс саласында 9

ҚОРЫТЫНДЫ 12
Пайдаланылған әдебиеттер 13

Кіріспе

         Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы осы ғылымның қарқынды түрде дамып келе жатқан бағыттарының бірі. Полимерлерге деген ерекше назар аудару, соларға арналған көптеген еңбектер,  синтетикалық полимерлерді өнеркәсіптік өндірудің ауқымды көлемдері олардың таңғажайып физико-химиялық қасиеттеріне  негізделген. Сондықтан полимерлер туралы ғылым химияның, физиканың және механиканың заңдылықтарымен тығыз байланысты.

Жоғары молекулалық қосылыстарды синтездеудің жаңа тәсілдерін дамытатын полимерлер алу химиясымен қатар, олардың физикасы және механикасы дамуда, сонымен бірге жоғары молекулалық қосылыстарды химиялық түрлендіру немесе полимерлерді модификациялау саласы дамуда. Шикізаттардан полимерлік материалдар өндіруге қажетті бұйымдар алу тәсілдері жетілу үстінде.

Жобаланған қасиеттері бар синтетикалық полимерлі материалдар алу үшін, ғылыми негізделген өңдеу тәсілдері қажет, яғни полимерлердің беріктігін арттыратын, морттығын төмендететін, созылғыштығын жоғарылататын молекуланың қолайлы құрылымын қалыптастыру тәсілдері қажет. Полимерлердің қызмет ету мерзімін арттыру үшін оларға жылу төзімділігін, динамикалық беріктігін және т.б. негізгі қасиеттерін арттыратын арнайы қоспалар қосады. Олардың бұйымдар жасау кезінде, табиғатын аса тиімді пайдаланатын бұйымдардың қолайлы конструкциясын таңдап алу мен жүзеге асырудың маңызы өте зор.

Қазіргі кезде полимерлердің маңызы зор, сондықтан оларды өндіру мен тиімді пайдалану – халық шаруашылығын дамытудағы негізгі бағыттардың бірі.    Полимерлерді өнеркәсіптің немесе транспорттың, мәдениеттің немесе медицинаның, қорғаныс немесе ғарыш техникасының қандай саласында болса да көруге болады. Соңғы уақытта полимерлік материалдар өндірісі қарқынды өсуде. Бұл полиэтилен, полипропилен, пенопластар, поливинилхлорид, полистирол, полиэфирлер, полиамидтер және т.б. Сонымен қатар оларды өндірудің және қолданудың экологиялық тиімділігі артуда.

Полимерді өндіру және тұтынумен бірге қызмет ету уақыты өтелген полимерлік бұйымдарды пайдалану және жою мәселесі пайда болуда. Халық шаруашылығында маңызы зор бұл мәселе қазірдің өзінде шешуін табуды талап етеді. Оның құрамына өнеркәсіптің полимерлік және басқа да салаларына екінші рет шикізат іздестірумен қатар, табиғатты полимерлер қалдығының жиналуынан қорғау да кіреді. Жоғары молекулалық заттардың халық шаруашылығында кеңінен қолданылуы олардың қалдықтарының көп мөлшерде болуын, есепсіз босқа тасталуын, сөйтіп қоршаған ортаны ластау қаупін туғызады.

Тұтынушылар полимерлердің қасиеттерін әрдайым біле бермейді, сондықтан олардың химиясы, физикасы және технологиясы саласында қызмет ететін мамандар, макромолекулаларды құрау мәселесімен қатар, қызметін өтеген заттардың қалдығын пайдаға асыруды шешуге міндетті.

 Реферат / 13 бет


You must be logged in to leave a reply.