Қазіргі кездегі аналитикалық химияны XX ғасырда қарқынды дами бастаған сапалық жоне сандық талдаудың электрохимиялық әдістерінсіз қарастыру мүмкін емес. Оның кауырт дами бастауы теориялық электрохимиямен және өлшеуіш радиоэлектрондық аппаратураларды зерттеумен байланысты. Мұнсыз талдаудың электрохимиялық әдістері жоғары сезімталдық, дәлме-дәлдік, тездік, қайта өңдеп шығару, автоматтандыру мен компьютерлену сияқты қасиеттерге жете алмаған болар еді.Электрохимиялық ұяшықтарда пайдаланатын электрохимиялық эффектілер мен процестер көптеген параметрлерге тәуелді: ерітінділердің, балқымалар мен қоспалардың құрамы мен табиғатына; қолданылатын электродтардың жасалуы мен құрылысына; радиоэлектродтық зерттеу аппаратураларына; ұяшықтың құрылыс-құрылымына. Талдаудың электр химиялық одістерінің сан түрлілігі осыларға байланысты.Электрохимиялық әдістің көмегімен кез келген агрегаттық күйдегі анорганикалық және органикалык қосылыстарды сандық және сапалық тұрғыдан талдауға болады. Зерттелетін ортадағы электр химиялық процестер өзара жанасатын фаза шекараларында немесе олардың көлемінде жүреді, олар құрылымның, валенттік күйдін, химиялық құрамның, концентрациянын және басқа да параметрлердің өзгерісімен байланысты.Электрохимиялық талдау әдістерін әрқайсысын жіктеуге болатын топ-топтарға бөліп қарастыруға болады. Мысалы, потенциометрия, кондуктометрия және жоғаргы жиіліктегі титрлеу, вольт-амперметрия және полярография, кулонометрия, диэлектрометрия.Потенциометрияға электр қозғаушы күші (ЭҚК) немесе қайтымды электролитті тізбектегі рН не рХ электродтарға тиісті потенциалдарды өлшеуге негізделген әр түрлі физикалық-химиялық шамаларды, иондардың не молекулалардың концентрациясын анықтайтын әдістер жатады. Потенциометрияның негізін салған В.Нернст (1889). Ол электродтардың тепе-теңдік жағдайындағы потенциалын анықтауға арналған әйгілі теңдеуді ұсынған. Алғашқы потенциометрлік титрлеуді 1893 жылы жүргізген Р.Беренд.

  Реферат / 24 бет


You must be logged in to leave a reply.