Қанықпаған қосылыстар көмірсутектер арасында кең тараған, практикалық маңызы зор топты құрайды. Қаныққан көмірсутектер қатарының метаннан басталатыны тәрізді, қанықпаған көмірсутектері үлкен тобының қарапайым өкілі этилен болып табылады.

Этилен – ауадан біраз жеңілдеу, иісі жоққа тән, түссіз газ.Оның молекулалық формуласын анықтап көрейік. Қалыпты жағдайдағы этиленнің тығыздығы – 1,25 г/л. Демек газдың мольдік массасы 1,25 г/л * 22,4л/моль=28г/моль болады. Сонда бұдан этиленнің салыстырмалы молекулалық массасы – 28, сонда этиленнің формуласы – С2Н4 болады.

Этилен молекуласы симметриалы болып келеді. Яғни мұндағы көміртегінің атомы әрбір атомы сутегінің екі атомынымен байланысады. Н2С=СН2

Этиленнің молекуласында барлық атомдардың ядролары бір жазықтың бойында орналасып, молекуладағы валенттік бұрыш 109°28` болмай, 120° болатыны физикалық әдістерімен зерттеу арқылы анықтайды. Қанықпаған көмірсутектерде sp2– гибридтену, және П байланысы болады. Этилен – молекулаларында көміртегі атомдары арасында қос байланыс болатын заттардың гомологтық қатарындағы бірінші мүше. Этиленнің ең жақын гомологы: пропилен СН2 = СН – СН3, бутилен СН2 = СН – СН2 – СН3. Этилен қатарындағы көмірсутектердің атауына –илен жұрнағы жалғанады. Қазіргі кезде мұндай номенклатура мен қатар, жүйелеу(халықаралық) номенклатурасы жиі қолданылады, ол номенклатура бойынша бұл көмірсутектер атауы –ен жұрнағымен аяқталады(этен, пропен, бутен,т.б.). Этилен қатарындағы көмірсутектердің жалпы формуласы – СnH2n.

 Реферат / 8 бет


You must be logged in to leave a reply.