Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
• Кальций алмасууының бұзылысы
• Мыс алмасуының бұзылысы
• Калий алмасуындағы бұзылыс
• Темір алмасуындағы бұзылыс
Қорытынды

Кіріспе

 Аралас дистрофия кезінде күрделі белоктар- хромопротеидтер,нуклепротеидтер мен липопротеидтер  және минералдардың алмасуы бұзылуы болады.

 Минералдар алмасуының бұзылуы минералдық дистрофиялар деп аталады.

Минералдар жасушалар мен тіндерді құратын элементтерді түзуге қатынасып,ферменттердің,гормандардың,витаминдердің,пигмпенттердің, белокты кешендердің құрамына кіреді. Олар – биокатализаторлар , сондықтан  зат алмасу   үдерісінің  біразына  қатынасып  қышқыл – негіздік ортаны  қажетті  деңгейде  ұстауды маңызды  рөл атқарып, организмнің  қалыпты тіршілігін  қамтамасыз етуде  де  айтарлықтай орын алады.

Микроөртеу  тәсілін  гистоспектрографиямен  сабақтастыра  қолдану  тіндердегі  кальцийді,  темірді ,  магнийді,  кремнийді  және  басқа  элементтерді  дәл анықтауға  мүмкіндік береді. Радиоавтографиялық  тәсілмен организмге  изотопы  енгңзңлген  элементтердің жиналатын  жерін  білуге болады.  Сонымен қоса, белокты  қоспадан босап, тінге жиналған  элементтердің  біразын анықтау үшін  дәстүрлі гистохимиялық  тәсілдер  қолданылады.

Кальций, калий,мыс  және темір алмасуы бұзылуының  практикалық  маңызы зор.

Организмдағы  минералды зат алмасуының  бұзушылыстары мына себептерден пайда болады :

— үлкен мегаполистардағы тұруы,

— кернеулi өмiр, стресстер,

— қоршаған ортаның қолайсыз факторларының әсерi,

—  дұрыс  қоректенбеу, диеталар,

— қызбалық,

— шылым тарту,

— алкогольді  шектен тыс падалану .

Бұның барлығы  қазiргi адамның организмінде  дисбалансқа алып келедi. Эссенциялық микроэлементтердiң созылмалы дисбалансы (белоктардың алмасуының ауытқуы , май ,көмiрсутектер, витамин және ферменттердiң өндiруi, эндокрин және жүйке жүйелерiнiң иммунитеттiң әлсiреуi,) организмнің функцияларының  өзгерiстерiне септігін тигізеді.

 Реферат / 12 бет


You must be logged in to leave a reply.