Жоспар:
1.Кіріспе;
2. Ерітінділердің жалпы сипаттамасы;
3. Сұйытылған ерітінділер. Рауль заңы;
4. Коноваловтың бірінші заңы. Азеотроптық ерітінділер. Коноваловтың екінші заңы;
5. Сұйықтардың өзара еруі;
6. Заттың өзара араласпайтын екі еріткіште таралуы;
7.Қорытынды;
8.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

1.Кіріспе.

Қазіргі көзқарас бойынша өмір бейорганикалық және органикалық қосылыстардың сулы ерітіндісі болатын мұхиттарда пайда болған. Эволюция нәтижесінде тірі өсіп өзгерген. Оладың көпшілігі судан кетіп, ауаға және суға өткен. Бірақ өсімдіктер мен жан-жануарлар су бесігін тастағанымен, өздерінің ағзаларында құрамында әр түрлі бейорганикалық иондар және органикалық қосылыстар бар сулы ерітінділерді сақтаған.

Ерітінділер туралы ілімнің дәрігерлер үшін ерекше мәні бар, себебі негізгі биологиялық сұйықтықтар –қан плазмасы, жұлын сұйықтығы, лимфа, несеп, тер, сілекей, судағы тұздар, ақсылдар, көмірсутектер, липидтер тірі ағзада ерітінділер күйінде болады.

Дәрілік заттар тек ерітінді немесе ағзада еріген күйге көшкен кезде ғана пайдалы.

Тағам құрамындағы қоректік заттар ағзаға сіңуі үшін ерітіндіге айналуы керек. Тірі ағзадағы биохимиялық реакциялар ерітінділерде өтед.

Биосұйықтықтар қоректік заттардың (майлар, аминқылқылдары, оттегі) қозғалуына, дәрі-дәрімектік қосылыстарды ұлпаға және дене мүшелеріне тасымалдауға қатынасады, сонымен қатар метаболиттерді (мочевина, билирубин,көмір қышқыл газын және т.б.) ағзадан шығаруға атсалысады. Қан плазмасы жасуша (лимфоцит, эритроцит, тромбоцит) үшін орта болады.

  Реферат / 12 бет


You must be logged in to leave a reply.