Жоспар
І. Кіріспе: Кадмийге сипаттама және оның экожүйедегі таралуы.
ІІ.Зерттеу бөлімі:
2.1.Кадмий және оның қолданылуы.
2.2.Кадмийдің модельді жүйедегі және қоршаған ортадағы қасиеттері.
2.3.Кадмийдің адам организміне әсері.
2.4.Көксерке балығының тіршілік ортасы.
2.5.Жайық өзенінің төменгі ағысындағы көксерке балығы ағзасындағы кадмийді ФЭК әдісімен анықтау. (фотоэлектроколориметрия әдісі)
ІІІ.Қорытынды: Кадмийдің пайдасы,зияны.
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер.

І.Кіріспе

Қоршаған ортаның материалдық құрамы ХХ- ғасырдың 50-ші жылдарынан бастап күшті өзгере бастады. Қоршаған ортадағы бұл өзгерістер адамға, жануарларға және өсімдіктерге әсер ете бастады. Осыған байланысты қоршаған ортадағы зиянды химиялық өзгерістерді зерттеу көкейтесті мәселе болып табылады. Бұл ғылыми жұмысты орындауда зерттеудің физико-химиялық әдістерінің бірі фотоэлектроколориметриялық өлшеу әдісі қолданылды.

Жұмыстың негізгі мақсаты мен міндеті:

—         Жайық өзенінің төменгі ағысындағы көксерке балығының ет және желбезек ұлпаларындағы ауыр металл кадмийді сандық жағынан анықтау.

—         Маңызды элементтердің биогеохимиялық циклін ескере отырып, кадмийдің қазіргі экожүйедегі таралуына сипаттама.

Өткен ғасырдың 50-ші жылдары халықаралық қауымдастықта пайда бола бастаған қоршаған ортаны қорғау проблемасы қоғамдық санаға үлкен масштабта ене бастады. Ал қазіргі уақытта қоршаған ортаны қорғау проблемасы еліміздің саяси өмірі мен заң құжаттарынан өз орнын тапты.

Соңғы 40 жылда химиялық-экологиялық жағдайды бағалауда үлкен табыстарға қол жетті. Бұл бағыттағы міндеттер белгілі болып, зерттеудің негізгі бағыттары ашылып, кейбір жағдайда оларды шешу жолдары табылды. Алайда экологиялық проблемалар толықтай мойындалды немесе толықтай зерттелінді және алынған нәтижелер бізді толық қанағаттандырды деген сөз емес. Бұл қоршаған ортаның ластану проблемаларын мұқият зерттеуді және химиялық-экологиялық проблемаларға терең баға беруді күшейту керек деген сөз. Сонымен қатар осы зерттеулердің негізінде экологиялық көзқарастар тұрғысынан күмәнді өнімдерді өндіруді тоқтату жөнінде талаптар қою керек. Қоршаған ортаға соңғы екі онжылдықта түскен 100 000  аса химиялық заттардың адамға, жануарларға және өсімдіктерге әсері жеткілікті түрде жақсы зерттелген жоқ. Көбіне коцерогенді және мутагенді заттарды зерттеуге баса көңіл бөлінді. Алайда ол заттардың осындай әсерлерін анықтау қиын және ол заттар салыстырмалы түрде аз болғандықтан зерттеудің бұл бағытын болашақтың негізгі бағыты деп есептеуге болмайды.

Қоршаған ортаға түсетін химиялық өнімдердің тізімін шұғыл жасап оның негізгі көздері мен әсер ету сипатын зерттеу қажет. Зерттеулерді қазіргі критерийлерге сәйкес жүргізіп, қажет болған жағдайда зиянды заттарды шығаруды тоқтату қажет және ол үшін қосымша анализдер жасаудың да қажеті жоқ. Терең зерттеуге тірі организмдерге әсер ету коцентрациясы миллионның бірнеше бөлігіндей болатын заттарды алу қажет. Біз қазір барлық заттарды химико-экологиялық жағынан жан-жақты зерттеу мүмкіндігіне жеткен жоқпыз. Алайда зиянды химиялық заттардың қоршаған ортаға таралу бағытын дұрыс бағалай білуді бірінші кезекке қою керек.

Осындай талаптарды экологиялық көзқарас күмәнді табиғи өнімдерге де қою керек. Себебі табиғи заттарды әруақытта экологиялық қауіпсіз деп есептеуге болмайды.

Ауыр металдар деп аталатын элементтер тобы бар. Бұл термин өте дәл емес. Себебі олардың ішінде атомдық массасы мен тығыздығы бойынша «ауыр» деп санауға болмайтын элементтер бар. Және олардың ішінде қасиеті бойынша толықтай металдарға жатқызуға болмайтын элементтер бар. Мысалы: мышьяк. « Ауыр металдарға» периодтық жүйенің І және ІІ тобында орналасқан металдардан басқа металдарды жатқызады. Кадмий мысалы қоршаған орта проблемаларын зерттеген кезде маңызды одан алатын ауыр металдар , себебі олар кең таралған және улы.

 Реферат / 17 бет


You must be logged in to leave a reply.