МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І. ЕХРО көрмесі.
ІІ. ЕХРО көрмесінің тарихы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Көрме — экономика, ғылым, техника, мәдениет, өнер және т.б. қоғамдық салалардағы жетістіктерді жариялап көрсететін демонстрация. Бұл ұғым сол іс-шараны немесе оның өткізілу орнын сипаттайды. Көрменің көптеген түрлері бар: жергілікті, ұлттық, халықаралық, дүниежүзілік, жалпы және салалық. Салалық көрмелерге көркемөнер, өнеркәсіптік,ауыл шаруашылық көрмелері жатады. Уақытына байланысты көрмелер уақытша және тұрақты болып жіктеледі. [1]

Көрмелер кез келген елдер мен халықтар үшін үлкен тәрбие мен нәтижеліліктің көрінісі болып табылады. Көрмелер тақырыбын ашатын болсақ, адамзат мәдениетінде Экспо (Expo) көрмесінің орны ерекше.

Экспо техникалық және технологиялық жетістіктерді әйгілейтін халықаралық көрме. Ол ең алғаш рет 1851 жылы Лондонда Гайд-паркте Альберт ханзаданың бастауымен өткізілді. Бұл көрме Джозеф Пакстонның Хрусталь сарайымен танымал болды. [1]

Лондон көрмесінен кейін ЕХРО үздіксіз дәстүрлі түрде жүргізіліп келеді және оны өткізуге Қазақстан да өз ниетін білдірген болатын. Бұл оқиға 2017 жылға жоспарлануда, алайда, ол үшін Халықаралық шешім мен қолдау керек, оның шешімі 2012 жылдың желтоқсан айында жарияланады. Қазақстан (Астана) көрмесі Бельгияның (Льеж) көрмесімен бақталастырып отыр.

Осының негізінде реферат өзектілігі — ЕХРО көмесінің маңыздылығы мен оның біздің еліміз үшін беретін артықшылығын қарастыру. Бұл тікелей экскурсиялардың дамуымен тығыз байланысты болып отыр. Сонымен қатар көрмелер мемлекет үшін экономикалық табыс көзі болып та табылады.

Реферат / 10 бет

 


You must be logged in to leave a reply.