27. декабря 2011 · Комментарии к записи Тұран және көне түркілер отключены · Categories: Тарих

“Тұран”, “Түркістан”, “Қазақстан” — бұл түркі халықтарының, оның ішінде қазақ тарихының әр кезеңінде оларды біріктіру үшін пайда болған концепция, ұғым немесе идея. Қазақ — түркі халықтарының құрамдас бөлігі немесе тұрандықтар мен түркілердің тікелей ұрпағы.

Тарихи дәуірге дейінгі кезеңде көне түркілер Тұран тайпалар одағында болды. “Тұран” нәсіліне түркілер, угро-финдер және палеоазиат тайпалары жатады.

Ол туралы академик Н.С.Трубецкой: “Басында шығысславян тайпалары қазіргі Ресей территориясының Балтық пен Қара теңізді қосатын өзендердің бассейніндегі шағын ғана бөлігін алып жатты. Қазіргі Ресейдің басқа үлкен территориясын “тұран” немесе “орал-алтай” тайпалары  мекендеген. Осы географиялық облыста алғашында тұран тайпалары шығысславян, орыс тайпаларынан гөрі маңызға ие” дейді151. Сол кездегі тұрандықтардың жері – Еуразияның үштен біріне жуық аумағын алып жатқан Ұлы дала. Бұл тайпалардың барлығын  біріктірген ортақ тіл – “орал-алтай” тілі болды*.

Белгілі тарихшы Әбілғазының деректерінде ғұн, маджар, бұлғар, аулақ, авар, монғұл, татар, манчжур, фин, жоңғар деп аталатын халықтардың барлығы Түркілердің ұрпақтары92.

Ал Н.М.Карамзин болса “… көпшілігі Болгарларды славяндар дегенімен олар бұрын ерекше тілде сөйлескен. Ертеде олардың есімдері мен дәстүрлері тіптен славян емес, Түркілердікіне ұқсас… Византияның тарихшылары Угрлер мен Болгарларды Ғұндар деп атайды” дейді.

Реферат / 16 бет


Comments closed.