МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ. 2

1. ШЫҢҒЫС ХАН ҚҰРҒАН МОНҒОЛ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ АХУАЛЫ.. 3
1.2 Орталықтанған монгол мемлекетінің құрылуы және оның саяси-әлеуметтік жағдайы   3
1.3 Шыңғыс ханның керей, найман хандықтарын жаулап алуы және Шыңғыс хан империясының құрылуы.. 8
1.4 Шыңғыс хан империясының заңдары, құрылымы мен ұйымдастыру принциптері 14

ҚОРЫТЫНДЫ.. 21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР TI3IMІ 23

КІРІСПЕ

Қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасу, дербес мемлекет құру тарихында Шыңғыс хан мен оның үрім-бұтағы билеген мемлекет үлкен рөл атқарған. Түркі-монғолдар жауларын санмен емес, сапамен жеңді. Өйткені оларда мықты тәртіп, ғажайып ұйымдастырушылық қасиет болды. Оған Шыңғыс ханның саяси қызметі мен қолбасылық қабілетінің ерекше жоғарылығы қосылды. Ол орнатқан жүйе мен тәртіп далалық өркениетті әрі қарай жетілдірді. Кейіннен бұл жүйе мен тәртіп басқа халықтарда жалғасын тауып, атап айтқанда, қазақтарда XIX ғасырға дейін, яғни олар өздерінің көшпендлік қалпын жоғалта бастаған кезге дейін сақталды.

Монғол шапқыншылығынан кейін тұңғыш рет Шығыс Дешті-Қыпшақтың,   Түркістанның,   Жетісудың   түркі   тайпалары   бір мемлекетке біріктіріліп, алдымен қазақ хандығының, кейіннен қазақ ұлтының шығуына, яғни қалыптасуына жағдай жасалынды[1]. Сөйтіп Шыңғыс хан империясы құрылғаннан кейін, көп ұзамай қазақ халқының этникалық территориясы қалыптаса бастады. Қыпшақ сахарасының халықтары ертеректе мемлекет құрған түркі текті арғын, найман, керей, жалайыр, маңғыт, онғұт т.б. тайпалармен қосылып, көп этностық «қайнаған қазанда» екі жүз жыл ішінде қазақ этносы болып қалыптасты[2]. XIV—XV ғасырларда түркі-монғол этносы бөлшектеніп, бірнеше ұлттық мемлекеттер пайда болды. Мағжан ақын айтқандай, қазақтар «қара шаңырақтың» иесі болып қалды.

Алтын Орданың құрамында болған ұлыс Ақ Орда, шын мәнінде, қазақ мемлекеті болды. Өйткені негізін Жошы қалаған бұл ұлыс Сырдариядан Алтайға, Оңтүстік Оралдан Жетісуға дейінгі қазіргі қазақ даласын алып жатты[3]. Екіншіден, бұл даланы ерте кезден-ақ түркі тілді тайпалар жайлады. Олар монғол шапқыншылығынан кейін қосылған тайпаларды бойына сіңіріп, қазақтың этникалық құрамын қалыптастырды.

Сондықтан Отанымыз тарихындағы осы бір кезеңді зерттеуге жаңаша көзқарас туғызып, оған дейінгі қалыптасқан кері пікірлерден оны тазарту керек. Ол үшін XII—XIII ғасырларда өмір сүрген түркі-монғол тайпаларының саяси-әлеуметтік, экономикалық даму ерекшеліктерін, әдепті-құқықтық жүйелерін оның негіздерімен тікелей байланыстыра отырьш зерттеу қажет. Бұл сол дәуірдегі әлеуметтік-экономикалық қатынастарды, әскери-құқықтық жүйені асыра дәріптеу емес, керісінше сол замандағы мемлекеттік құрылымға сай тұрғандығын дәлелдеу. Сондықтан осы курстық жұмыста Шыңғыс хан негізін қалаған және оның әулеті ұзақ уақыт билікті әрі қарай жалғастырған түркі-монғол мемлекетін жан-жақты зерттеп, ғылми тұрғыдан өз көзқарасымызды білдіре отырып оның шығарған «Ұлы жасақтарын» оқып білуді жөн көрдік.


[1] Мыңжан Нығмет. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1994. 221 б.

[2] Қазақстан тарихы. Алматы, 1996. T.I. 410 б.

[3]Аманжолов К.Р., Рахметов Қ. Түркі халықтарының тарихы. Алматы, 1996. Т.1. – 240-241 бб.

Қазақша реферат / 23 бет


You must be logged in to leave a reply.