Кіріспе

Негізгі бөлім
1. Жапониядағы феоалдық тәртіптің дағдарысы
2. Европалықтардың Жапонияны күшпен ашуы және Мэйдзи реформасы

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе 

Тақырыптың өзектілігі: Жапонияда 17 ғасырдан бастап капиталистік укладтар қалыптаса бастады, сонымен қатар феодалдық тәртіп дағдарысқа ұшырай басталды. Елдің басын біріктіру, Европалықтардың тең емес шарттарын жою, феодалдық сепаратизімді жоюсынды күрделі міндеттер тұрды. Батыс елдердің елге таңыған тең емес шарттары әлеуметтік-экономикалық жағдайы күрт төмендетті. Ел аграрлық шаруашылықта қала берді. 1867-1868 жылдардағы революция нәтижесінде сегундық билік пен феодалдық тәртіп түбегейлі жойылды. Император билікті қолына ала салысымен кең көлемді барлық шаруашылық саласы қамтыған реформалар жүргізе бастады. Реформалар елде сәтті жүріп Жапонияның бет бейнесін түбегейлі өзгертті.Бұрынғы артта қалған феодалдық аграрлық ел дмыған капиталистік өнеркәсіпті мемлекетке айналды. Милитаризм мен экспансиялық саясат ұстаған. Жапония Азиядағы бірқатар мемлекеттерді колонияға айналдырды. Бұл Жапонияның құдыреті мен күшінің артқанын, батыс елдерімен отар иелену жолында бәсекеге түскенін білдірді. Жапон тарихында айрықша орын алатын «Мэйдзи реформасы» өте өзекті де күрделі тақырыптардың бірі.

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері: Жапонияның реформаға дейінгі жағдайы мен елдің Жапон қоғамының күрделі капитализмге өту жолдары, реформаның маңызын түсіндіру. Жапон қоғамы капитализмге қалай тез икемделді, қандай себептер әсер етті деген сұрақтарға жауап қарастыру.

Тақырыпта төмендегідей міндеттер алға қойылды:

  • Европалықтардың Жапон жағалауларына жетуі, және елдегі феодалдық тәртіптін дағдарысын атап өту
  • Токугава сегунатының европалықтарға жасаған шаралары мен «Жабық есік» саясатян кең көлемде көрсету
  • 19 ғасырдың 50-ші жылдарындағы Батыс елдерінің Жапонияның күшпен ашуын, елдегі революциялық ахуалды айқындау
  • 1867-1868 жылдардағы буржуазиялық революция және императорлықбиліктің орнауын баяндау
  • Жапон қоғамында түбегейлі өзгерістер әкелген «Мэйдзи реформасы» және елдің буржуазиялық бет бұрысы
  • Реформалардан кейінгі Жапонияны шолу

Тарихнамасы.

Жапон қоғамында ерекше орын алған реформалық кезең, сонымен

қатар бүкіл Жапон елінің тарихы жайында батыстық әрі кеңестік ғалымдар жазған еңбектері бар.

Курстық жұмыста Ю.Д. Кузнецов, Г.Б. Наблицкая, И.М. Сырицын сынды авторлар шығарған «История Японии» атты еңбегі, А.А. Губер, Г.Ф. Ким, А.Н. Хейфецтің «Новая история стран Азии и Африки» атты оқулығы, Совет энциклопедиясынан кең пайдаланылды.

Тақырыптың құрылымы: Тақырып кіріспеден және Жапония дағы феодалдық тәртіптін дағдарысы, европалықтардың Жапонияны күшпен ашуы және «Мейдзи реформасы» атты екі тақырыптан, қорытынды мен сілтемелер, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 Реферат / 17 бет


You must be logged in to leave a reply.