30. декабря 2011 · Комментарии к записи Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Франция отключены · Categories: Тарих

Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Франция екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында.
2. Маршал Филипп-Анри Петэн
3. Виши режимі.
4. Голль (Gaulle) Шарль де (1890-1970).
5. Францияның азат етілуі.
6. Уақытша режим.

Кіріспе.

Екінші дүниежүзілік соғыс 30-жыл¬дар¬дың орта шенінде-ақ ақиқат шындыққа ай¬налды. Жапонияның 1931-1932 жыл¬да¬ры Солтүстік Шығыс Қытайды басып алуы, содан кейін 1937 жылы Орта¬лық Қы¬тай¬ға басып кіруі, 1935 жылы Итବлияның Абиссинияға шабуыл жасауы, 1936-1938 жылдары республикалық Ис¬пବ¬нияға қар¬сы жасалған герман-итальян интер¬вен¬циясы, Германияның 1938 жылы Австрияны басып алуы – міне, бұ¬лар¬дың бәрі агрессорлар қимылының біртұтас тізбегінің буындары, олар бірте-бірте фа-шистер шапқыншылығының ортақ тас¬қынына айналды да, сайып келгенде, іс жүзінде бүкіл дүниежүзін қамтыды. Бар¬лық ұлы державалардан тек КСРО ғана агрессорларды дәйекті айыптап, қолынан келген кездері агрессия құрбандарына көмектесіп отырды.

Жаңа дүниежүзілік соғыстың сөзсіз бол¬май қоймайтын мүмкіндігі жоқ еді. Сол кездің оқиғаларына жасалған талдау халықаралық қатынастарды дамытудың альтернативті жолдары болғанын көр¬се¬теді. 30-жылдардың орта тұсында ғана емес, сонымен қатар неғұрлым кейінгі және күрделі кезеңде – соғыс басталар ал¬дын¬дағы соңғы айларда, тіпті соңғы күн¬дер¬де агрессорлардың жолына тосқауыл қойып, соғысқа жол бермеуге болатын еді. Гитлершілдер 1938 жылдың жазында және күзінде Чехословакияны басып алуға әзірленіп жатқан кезеңде альтернатива бол¬ды; ол Польшаға қарсы неміс-фашист агрес¬сиясы тікелей әзірленген 1939 жылдың жазында да болды.

 Реферат / 12 бет


Comments closed.