Жоспар

І. Кіріспе.
1. Германияны біріктіру процесіндегі Бисмарктың саяси қызметінің маңызы.
1.1 Бисмарктың саяси қызметінің басталуы
1.2 Солтүстік Герман одағын құрудағы Бисмарктың рөлі
1.3 Герман империясының құрылуы

ІІ. Негізгі бөлім.
2. Бисмарк дипломатиясының негізгі белгілері.
2.1 Отто фон Бисмарк — саяси қайраткер
2.2 Бисмарк дипломатиясына жалпы мінездеме
2.3 Пруссиялық соғыстар кезіндегі Бисмарк дипломатиясының ерекшеліктері

ІІІ. Қорытынды.

Кіріспе.

 Такырыптың өзектілігі. Реферат Отто фон Бисмарктың өмірі мен саяси қызметін талдауға арналған. Бисмарк сияқты ірі тарихи тұлғаны, әр түрлі қырдан зерттеуге болады. Еуропа мен әлем тағдырына үлкен ықпал жасаған ХІХ ғасырдың мемлекет қайраткерлерінің арасында, Бисмарк қызметінің тарихи маңызы бойынша да, өзінің саяси және дипломатиялық өнері бойынша да алдыңғы қатардағы тұлға.

ХІХ ғасырдың ортасында біртұтас мемлекет құру қажеттілігі туындады. Сондықтан да, Германияның мемлекеттік бірлігіне жету — 1848ж.буржуазиялық-демократиялық революциясының негізгі, басты мақсаты болды. Бірақ буржуазиялық-демократиялық революциясы жеңіліс тапты, оған қарамастан, ол едәуір ірі із қалдырды. Германияның қоғамдық өмірдің барлық салаларында, әсіресе Пруссияда: экономикада, әлеуметтік-саяси өмірінде елеулі өзгерістер болды.

Герман мемлекетінің құрылуының ерекшеліктері Отто фон Бисмарктың саяси қызметімен, биографиясымен тығыз байланысты. Оның аты герман және жалпыеуропалық тарихтың маңызды оқиғаларына тікелей байланысты, ең алдымен, ол өзінің “қан мен темір” атты саясатымен атақты. Германияның бірігуі осы адамның саясаты арқылы жүзеге асты.

Бисмарк – көрнекті дипломат пен үздік қолбасшы, оның қабілеттері “Пруссиялық соғыстар” деп аталатын 1860-70 жылдарды қамтыған кезеңде айқын көрінді. “Темір канцлер” деп аталған Бисмарк өз заманынан озған адам еді.

Бисмарктың өмірі мен қызметі жақсы зерттелген Батыста, ол туралы әр түрлі пікір қалыптасты, оның жеңістері мен жеңілістерінің қарама-қайшы талдаулары жасалды. “Темір канцлер”, “ақ революционер”, Германияны біріктірген адам, ХХ ғасырдың соғыстарына алғышарттар құрған адам, Гитлерге жол салушы – бұның бәрі Бисмарк.

Германияны Қазақстанмен салыстыратын болсақ, біздің мемлекеттеде Отто фон Бисмарк сияқты ірі тарихи тұлғалар бар. Олар Қазақстанды одан әрі гүлдендіруіне және де басқа елдерге танымал етуге зор үлес қосуда.

Тақырыптың мақсаты. Отто фон Бисмаркты тарихи тұлға және саяси қайраткер ретінде қарастыра отырып оның Германияны біріктіру жолындағы қызметіне сипаттама беру. Сонымен қатар Германия бірігу барысын, оның мәнін және тарихи маңызын анықтау. Жалпы сол кезеңдегі халықаралық қатынастарға тоқтала отырып, Германияның халықаралық аренада алатын орнын көрсету.

Тақырыптың міндеті:

  • Бисмарктың саяси қызметін қарастыру;
  • Солтүстік Герман одағын құрудағы Бисмарктың рөлін саралау;
  • Герман империясының құрылуын сипаттау;
  • Пруссиялық соғыстар кезіндегі Бисмарк дипломатиясының ерекшеліктерін сараптау;
  • Герман империясы құрылғаннан кейінгі Бисмарк дипломатиясын талдау.

Хронологиялық шеңбері: 1815—1898 ж.ж.

Тақырыптың зерттелуі. Герман империализмінің тарихын зерттеуге А.С.Ерусалимскийдің еңбектері үлкен көмек көрсетті. “Дипломатия және милитаризм” атты кітапта, ол Бисмарк тұлғасының масштабын ашып көрсетті. Сонымен қатар, В.В.Чубинскийдің “Бисмарк. Политическая биография” атты кітабы да пайдалы болды. Бұнда жас шағынан бастап Бисмарктың бүкіл өміріне талдау жасалған. Чубинский Бисмарктың сыртқы саясатына ерекше көңіл бөлді.

реферат / 21 бет


You must be logged in to leave a reply.