Жоспар:
I. Кіші Мұхаммедтің ұлдары Махмұд пен Ахмедтің билікке келуі
II. Мұхаммед Шайбанидің тарихи аренаға шығуы
III. Ахмед ханның Батыс елдерімен келіссөздер жүргізуі
IV. III Иванның Ахмед ханға бағынбауы
V. Ибақ пен ноғайлық одақтастардың сатқындығы
VI. Қорытынды

КІРІСПЕ

Ахмед ханның Билеуі – кейінгі Алтын Орда үшін едәуір тән емес құбылыс: ол Сарайдағы билікті жиырма жылдай сақтап қана қоймай, сонымен бірге өте белсенді ішкі және сыртқы саясат жүргізді. Ахмед Риммен, Венециямен, Осыман империясымен дипломатиялық қарым-қатынаста болды, Қырымның, Шығыс Дешті мен Русьтің істеріне белсене араласты.1470 жылы ол Алтын Орданың бірлігін әрең қалпына келтіреді, алайда Сарай билеушілер қуаттылығының бұзылғаны соншалықты, мұндай амбициялық жоспарларды жүзеге асыру үшін Ахмедтің жеке таланты мен жігері де жеткен жоқ.

Кіші Мұхаммедтің екінші баласы Ахмед жайлы алғашқы рет 1460 жылдағы деректерде айтылады.Осы жылы жылнамашылар ол Переяславль-Рязанский түбіне келіп, оның аймағын ойрандатты деп жазады.Жылнамашының оны «патша» ретінде айту дерегі, оның бұл уақытта тақта отырғандығын куәландырады.Шынымен де Алтын Орда тағы үшін күрестегі Ұлық-Мұхаммедтің жолы болғыш қарсыласы Кіші-Мұхаммедтің соңғы монеталары 1459 ж. жатады.Мүмкін, ол сол жылы қайтыс болып, билікке оның ұлдары Махмұд пен Ахмед келген шығар.Көп кешікпей ағайындылар иелікті бөліп алған болу керек.Номиналды қолбасшылықты сақтаған Махмұд оңтүстік орыс далалары мен солтүстік Қара теңіз бойында (Қырым ханы Қажы — Керейдің иелік еткен жеріне дейін) билік жүргізді, ал оның басты ордасы Қажы-Тарханда орналасты.Ахмед болса Еділден әлі де орда хандарына бағынған шығысқа қарай жерлерді өз басқармасына алды.

Мүмкін, Алтын Орданың бұрынғы астанасы Сарай да оған берілген шығар.Ағайындылардың бөлінісі оларға Алтын Ордада бейбітшілік пен татулықты сақтауға көмектесті, алайда біраздан кейін бұл жарамсыздыққа алып келді.1465 жылы Махмұд хан (не Мәскеуге, не Литваға жатқан) орыс жерлеріне жорыққа шығады, бірақ ол Дон арқылы өтіп бара жатқын кезде оған кенеттен Қырым ханы Қажы-Керей шабуылдайды.Ол Махмұдты ойрандатып, оны Қаржы-Тарханға қайта оралтқызады.Жеңілістің күшті болғаны соншалық, Махмұдтың иелігі мен көп азаматтары Қырым ханның қол астына өтеді.

Қажы-Керей өзін бүкіл Алтын Орданың ханы етіп жариялауға дайындалады, алайда 1466 жылдың тамызында аяқ астынан қайтыс болады.Оның өлімінен кейін Қырым хандығындағы болған бүлік Махмұд ханға айырылған ұлыстарын өзіне қайтарып алуға мүмкіндік берді.Жуырда ол өзін қайтадан өз әкесінің заңды және толық құқылы мұрагерімін деп санай алды. Түрік сұлтаны II Мехмед Фатихке Махмұд: «Алла рахымына ғанибетпен бұрынғы хандар – ата-бабаларының ұлы орны бізге мархабатпен сый етілген кезде» — деп жазады және қорытындысында сұлтанға достық қатынастарды орнатып, елшілермен сауда керуендерімен алмасуды ұсынады. Алтын Орданың солтүстік-шығысында билік еткен Ахмед Қырым ханымен ұрыста болған жоқ, өйткені оларда ортақ шекара болмаған.Сондықтан ол шығыстағы істерге көп көңіл бөле алды.

 Реферат / 11 бет

You must be logged in to leave a reply.