1-дүние жүзілік соғыс басталысымен-ақ Юан Шикай Қытайды бейтарап деп жариялайды. Дегенменде бір-біріне жау державалардың елде ықпал ету аймақтарының болуы, осы оқиғалардан шет қалу мүмкін емес еді. Қытай үкіметінің соғысушы державаларға өз территиясында әскери қимылдар жүргізбеу туралы өтінішіне құлақ аспады. Жапония баяғыдан-ақ германиялық Шандун түбегіндегі «Жалға алған жерлер» есебінен өзінің ықпал ету аймағын кеңейтуді көздеген болатын. 1914- ж  22-тамызында өзінің 30 мыңдың экспедициялық корпусын Циндао портына жақын жерде түсіре бастайды. 2 айдың ішінде түбек толық жапондардың бақылауына өтті. Жапон үкіметі максимум міндеттерінің ішінде Қытайдан Антанта державаларын ығыстарып, олардың иеліктеріне өз бақылауын орнатуды көздеді.

Ал бұл кезде Юань Шикай президенттік республиканы қайтадан монархияға айналдыру ісімен әбігер болып жатқан еді. 1914ж желтоқсанда Аспан храмында бұрын Маньчжур билеушілері орындайтын салтанатты құрбандық шалу рәсімін  жүзеге асырды.

1915-ж 18- қантарында Жапония өзінің елшісі арқылы Юан Шикайға ультиматум жариялайды. Оны «21 талап» деп атаған. Егер оны орындамаған жағдайда Қытайды Жапонияға толық тәуелді елге айналдырамыз деген қоқан-лоқы жасалынды.

 Реферат / 11 бет


You must be logged in to leave a reply.