01. января 2012 · Комментарии к записи САЯСАТТАНУДЫҢ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕГІ ПӘНІ, ӘДІСТЕРІ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ отключены · Categories: Саясаттану, Қазақша рефераттар

Қазіргі өркениеттің экономикалық тұрғыдан талдануы, адамдардың экономикалық мүдделерінің бастапқылығы, фундаменталдылығы жалпыға мәлім. Экономикалық қатынастар қазіргі таңдағы негізгі әлеуметтік концепциялардың методологиялық принциптері болып отыр. Сондықтан да, саясаттану пәнін ғылым ретінде қарастырғанда келесі мәселелерге баса назар аударуымыз керек.

  «Экономика» және «саясат» ұғымдары қоғамдық өмірдің бір – бірімен өзара тығыз қарым – қатынастағы екі маңызды саласын бейнелейді. Атап айтқанда, саясатта, саяси тай қоғамның, сондай – ақ оның жеке жіктері мен топтарының экономикалық мүдделерінің мейлінше жинақталған қалпы көрініс табады. Сондықтан да, экономика мен саясаттың адамзаттың тіршілік әрекетіндегі өзара қарым – қатынасы принципті түрде дүниетанымдық және методологиялық мәнге ие. Экономикадан қол үзген саясат пен саяси іс — әрекет өзінің шынайы мазмұнын жоғалтып, нақты базистік негізінен ажырайды.

реферат / 10 бет


Comments closed.