Жоспар
Кіріспе
1. Негізгі бөлім: Қазақстан мен Ресейдің әлеуметтік теориялары
1.1 Ыбырай Алтынсариннің әлеуметтік көзқарасы
2. Николай Иванович Бухариннің әлеуметтік көзқарасы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Әлеуметтанудың ғылым ретінде пайда болғаннан бастап бүгінгі күнге дейінгі аралықта аталмыш ғылымның көптеген теориялары, ілімдері мен тұжырымдамалары қалыптасып, мектептері мен бағыттары негізделді. Олар әлеуметтанудың ірге тасын қалап, оның ғылым ретінде дамуына серпіліс берді. Осы тұрғыдан алғанда дүниежүзілік әлеуметтану дамуында классикалық кезеңнің аткарған рөлі мен маңыздылығы ерекше. Сондықтан бұл кезең әлеуметтанудың атасы О. Конттың, Г. Спенсердің, К. Маркстың, Э. Дюркгейм мен М. Вебердің ілімдерін жете түсінудің негізгі кілті іспетті.

XIX ғасырдың басында адамзаттың коғамдық санасы адам мен қоғамның, олардың өмірлік күштерінің өзара әрекет етуіне дәл талдау қажеттігін пайымдауға әзір болған еді. Осы мәселеге әділеттілік, өмірдің мәнісі, әлеуметтік прогресті қамтамасыз ету мәселелерінің шешілулеріне қанағаттанбаған XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Еуропаның көптеген ойшылдары ез еңбектерін арнады.  Дүниежүзілік әлеуметтану ғылымының дамуына Ресейлік әлеуметтанушылар да белгілі бір мөлшерде өз үлестерін қосты. Соның негізінде Ресейде Батыс әлеуметтанушыларын бетке ұстап, қалыптасқан бірнеше мектептер мен бағыттар пайда болды.

Олардың көзқарастары мен ілімдерінде ұқсастықтар мен айырмашылықтар баршылык. Ресейлік әлеуметтанушыларды екіге бөліп қарауға болады. 1) XIX ғасырдың екінші жартысындағы Ресей әлеуметтануында қалыптасып, дамыған әлеуметтанулық ілімдерге көңіл қойылды. 2)   XX ғасырда осы елде әлеуметтанудың даму процесінің қалай жүргені сөз етілді. Мұндағы көзқарастарды осындай екі сұрақтың төңірегіне топтастырып қарастыру олардың даму эволюциясын жете қадағалауға мүмкіндік береді деп ойлаймыз. Ресейдегі әлеуметтану ойының қалыптасуы мен дамуы XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың үлесіне тиді. Ресейде әлеуметтану ғылымы саласында зерттеулер жүргізген көптеген ойшылдар шықты. Олар әртүрлі әлеуметтану бағыттары мен ағымдарын қалыптастырды.

Бәрімізге мәлім, қазақ елі XIX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысында феодалдық қоғамдық қатынастар дәуірінде болды. Қазақ халқы, бір жағынан, жергілікті феодалдардың, екінші жағынан, Ресей патшалығының  зор қанауының, езгісінде болды. Еңбекші бұқараның хал-жағдайы өте нашар болды, өйткені олар әр уақытта алуан турлі ауыр   салықтар төлеп отыруға мәжбүр болды.

Қанаушылар олардың құнарлы-шұрайлы жерлерін тартып алып,  өздерін шөл жөне шөлейт жерлерге ығыстырды. Ресей патшасы байырғы ұлтты одан  әрі жаныштап,  езуді күшейтті. Ал, жергілікті үстем тап, қалыптасып келе жатқан буржуазия, дін басылары, патшалық ресей үкіметі халықты революциялық   күрестен   аулақ   ұстауға   тырысты,   қазақ бұқара халқын орыстың жүмысшы-шаруа табынан, алдыңғы  қатарлы интеллигенциясынан алыс ұстауға әрекет жасады,  араға   іріткі   салды,   ұлтаралық   дау-дамайды,   жанжалды насихаттады. Осылардың салдарынан Қазақстанда бұқара халықтың патшалық ресей өкіметіне, жергілікті хандарға, байларға қарсы әлденеше стихиялық ереуіл-көтерілістері болды, бірақ олардың бәрі күшпен басылып отырды.

Осындай ауыр жағдайлардың нәтижесіңде және орыс демократиясының, мәдениеті мен ғылымының игілікті әсерінің негізінде   Қазақстанда   алдыңғы   қатарлы   философиялық, әлеуметтік-саяси ой-пікірлер қалыптаса бастады.

Қазақ халқы ұлттық мәдениетінің тарихына жаңа жол, ашушы бір топ ұлы ойшылдар мен прогрессивті ағартушылар,    қоғамдық-саяси қайраткерлері шықты. Олардың қатарыңда ІПоқан Уәлиханов (1835-1865 ж.ж.), Ыбырай Алтынсарин(1841-1889 ж.ж.), Абай Құнанбаев (1845-1904 ж.ж.) сияқты қоғамдық-  саяси   қайраткерлер,    Әлихан   Бокейханов (1870-1937 ж.ж.), Ахмет Байтұрсынов (1873-1937 ж.ж.), т.б.    оқымыстылар болды.

Енді осы ұлы ойшылдар мен ғалымдардың, әлеуметтік- саяси қайраткерлердің көзқарастарына қысқаша тоқталайық.

 Реферат / 14 бет


You must be logged in to leave a reply.