Мазмұны

Кіріспе…….3
Негізгі бөлім
1.Президенттік республика және оның парламенттік республикадан өзгешелігі……..4
2.АҚШ пен Ресейдегі президенттік республиканың негізгі ерекшеліктері …6
3.Қазақстандағы президенттік республика және оның ерекшеліктері…….8
Қорытынды…….15
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……..16

Кіріспе

          Демократияның да әр елде өзгешеліктері бар. Мысалы, АҚШ пен Франция — президенттік республика, ал, Германия мен Италия – парламенттік республика. Францияда премьер-министр бар, АҚШта жоқ, Германия мен Италияда президент болғанымен, оның қолында билік жоқ. Ал, қазақ демократиясы қандай болуы керек? Президенттік республика ма, парламенттік республика ма?

Президенттік Республика туралы айтпас бұрын республика дегеніміз не соған тоқталайық.

Республика (лат. Respublіka – халық игілігі, қоғамдық іс) – мемлекеттік басқару нысаны. Мұнда жоғары мемлекеттің билікті белгілі мерзімге сайланған органдар жүзеге асырады. Мемлекеттің биліктің барлық жоғары органдары не сайланады, не оларды жалпыұлттық өкілдікті мекемелер.

Билік не бүкіл халықтың (демократия) не оның бір бөлігінің (аристократия) қолында болатын мемлекет. Республиканың қозғаушы принципі — саяси ізтілік, яғни отанға деген сүйіспеншілік. Барлық жоғары ресми билік органдарын белгілі бір мерзімге халық сайлайтын мемлекеттік басқару нысаны. Ол антик. дәуірде ежелгі монархияларға қарама-қарсы, оларға қарағанда озық мемлекеттік құрылыс ретінде пайда болды. Мысалы, Спартада мемлекет билік ақсүйектерден сайланған ақсақалдар кеңесінде, ал Афинада ел сайлаған “халық жиналысында” болды. 17 — 18 ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде монархияға қарсы шыққан буржуазия идеологтары республиканы басқару нысанын енгізуді демократияның салтанат құруы және адам құқықтарын қамтамасыз етудің кепілі деп білді. Шынында да Республика азаматтардың жеке және саяси құқықтарын кеңітіп, халық билігі қағидаларын жүзеге асыруға мүмкіндіктер ашады. Алайда азаматтардың билік құрылымдарына қатысы әр түрлі болады. Республикалық билеу түрінің негізгі саяси ин-ттарына парламент, үкімет, президент, сот және сайлаушылар жатады. Республиканың бірнеше түрі бар: президенттік, парламенттік, аралас.

Президент – бұл бірінші кезекте Ел басшысы, мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғасы. Ол мемлекеттің негізгі ішкі және сыртқы саясатының бағыттарын айқындап береді

 Реферат / 16 бет

 


You must be logged in to leave a reply.