27. декабря 2011 · Комментарии к записи Заңды тұлға ұғымы және жауапкершілігі отключены · Categories: Құқық

Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда құқықтың дербес субъектісі ретінде қатысу, біз жоғарыда айтқанымыздай, жеке тұлғаға ғана емес, заңды тұлғаларға да тән. Азаматтық кодекстің 33-бабында оған мынадай тұжырым берілген:»Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады». Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаны мынадай белгілері бойынша айқындайды: 1) ұйымдасқандық бірлігі; 2) мүліктік оқшаулығы; 3) дербес мүліктік жауапкершілігі; 4) азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы.


Әрбір заңды тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті болғандықтан заңның өзі ұйымдарды бөліп қарайды. Ұйымдасқан бірлігі заңды тұлғаның ішкі құрылымынан көрінеді, сол арқылы қызмет аясы айқындалады. Заңды тұлғалар өз қызметтерін, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғы не құрылтай шарты арқылы, не тек құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады.
Сонымен қатар, заңды тұлғалар заң құжаттарына, сондай-ақ құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс іст

реферат / 5 бет


Comments closed.