27. декабря 2011 · Комментарии к записи Халықаралық жеке құқықтағы отбасы құқығы отключены · Categories: Құқық

Қазакстан Республикасының отбасы және неке заңында, сондай-ақ, халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке катынастарын реттейтін нормаларда отбасы құқығы, некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың баска да нысандарына орай пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды, яғни отбасы катынастарын зертгейтін құкық саласы болып табалады.

Халықаралық жеке құқықтағы отбасы және неке катынас­тарын реттейтін нормалар қатарына Балалар құкықтарын қорғау және халықаралық бала(қыз) асырап алу туралы 1993 жылғы 29 мамырдағы халықаралық Конвенция, Адам құқықтары тура­лы Жалпыға бірдей Декларация, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құкықтарды қорғау туралы Халықаралық пакт, Азаматтық, отбасылық және кылмыстық істер бойынша кұқық-тықкатынастар және кұқықтық көмек туралы 1993 жылғы 1 кантардағы Минск конвенциясы, Қазақстан Республикасы заңымен 1999 жылғы 30 желтоксанда ратификацияланған Шет елден алимент өндіріп алу туралы 1962 жылғы 5 қыркұйектегі Кон­венция, Балаларды қорғау және жет елдегі бала (қыз) асырап алу қатынастары жөніндегі кызметтестік туралы 1993 жылғы Конвенция, Некеге тұруға келісім беру, неке жасы және некеге тіркеу туралы 1966 жылғы халықаралық Конвенция, сонымен бірге, 1966 жылғы азаматтық және саяси құқықтар туралы пактінің факультативті протоколы, Бала құқығы туралы 1959 жылғы халықаралық Декларация, Біріккен Ұлттар Ұйымының 1959 жылш балалар құқығы туралы Конвенциясы, балаларды халық­аралық ұрлау және азаматтық туралы Конвенциялар жатады. Казакстан осыңдай көптеген конвенцияларды мойындап, осы бағыттағы халықаралық ұйымдарға мүше болып табылады.

Реферат / 16 бет


Comments closed.