27. декабря 2011 · Комментарии к записи Халықаралық қылмыстық құқық отключены · Categories: Құқық

Жоспар:
Кіріспе………2
Негізгі бөлім.

І тарау. Халықаралық қылмыстық құқық түсінігі……3
ІІ тарау. Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық қылмыстық құқықты дамытудағы рөлі…..9

Қорытынды…………12
Пайдаланған әдебиеттер тізімі….13

Кіріспе

Қылмыстылықпен күресудегі мемлекет аралық ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі олармен күресуде бірлесіп шаралар дайындау мақсатында халықаралық сипаттағы қылмыстар аумағын анықтау болып табылады. Ғылыми айналымға «Халықаралық сипаттағы қылмыстар» терминін 1977 жылы профессор И.И. Карпец енгізді.

Қылмыстылық жағдайы және онымен күрес проблемалары мамандардың ғана емес, сонымен қатар маман емес көпшіліктің де назарын осы салаға аударып келеді. Бұл мәселе криминология құзыретіне кіреді. Ол қылмыстылықты мемлекетте немесе оның жеке аймағында белгілі бір нақты кезеңде жасалған барлық қылмыстардың жиынтығын сипаттайтын қоғамдағы әлеуметтік құбылыс деп айқындайды. Қылмыстылық — бұл болып, өзгеріп тұратын құбылыс, яғни ол қоғамның белгілі бір даму сатысында пайда болады, әлеуметтік-экономикалық қүрылымдар мен нақты саяси жүйелердің тарихи ерекшеліктеріне сәйкес түрлі елеулі өзгерістерге де ұшырап отырады. Мемлекеттің қылмыспен күрестегі рөлі қандай? Ол көбіне-көп сақтандырушы -превентивті, репрессивті және тәрбилеу сипатындағы ішкі мемлекеттік шараларды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Дегенмен, мұндай шаралар он нәтижелерге жету үшін аздық етеді. Қылмыспен күресте мемлекеттер ынтымақтастығына үлкен рөл беріліп келеді.

Осындай мәселелерді зерттеумен халықаралық қылмыспен күрестегі мемлекеттердің ынтымақтастығы саласындағы қатынастарды реттейтін нормалар мен қағидалар жүйесі ретінде халықаралық қылмыстық құқық айналысады. Халықаралық қылмыстық құқық нормаларын, институттарын, қағидаларын жетілдіру ұлттық және халықаралық денгейде қылмыстылықтың өсіп кетуімен негізделіп отыр.

Рефераттың мақсаты: Халықаралық қылмыс құқығының тарихын, айналысатын органдарды қарастыру.

Рефераттың міндеті:

ü Халықаралық қылмыстық құқық түсінігін ашу;

ü Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық қылмыстық құқықты дамытудағы рөлін қарастыру.

 Реферат / 14 бет


Comments closed.