І.Кіріспе

ІІ.Шет мемлекеттердегі адвокатура және адвокаттардың құқықтық жағдайы

а)АҚШ,Ұлыбритания мемлекеттеріндегі адвокатура

ә)Германия,Франция мемлекеттеріндегі адвокаттардың құқықтық жағдайы

ІІІ.Қорытынды

Кіріспе

Қазақстандағы адвокатураны және адвокаттық қызметті жетілдіру өте маңызды. Өйткені,Қазақстан Республикасында адвокатура Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген адам мен азаматтың құқықтарын жүзңгң асыруға жәрдемдесуге шақырылған. Сондықтан Қазақстандағы адвокатура мен адвокаттық қызметті әрдайым жетілдіріп отыру қажет,яғни ол үнемі даму үстінде болуы тиіс.
Қазақстандағы адвокатураны және адвокаттық қызметті жетілдіруде тек қана отандық тәжірибе ғана емес,сонымен қатар шет мемлекеттердегі аддвокатураның және адвокаттар қызметінің тәжірибесі елеулі көмекші рөлді атқарады.
Қазақстан адвокатурасының қалыптасуы тарихы жағынан ортақтығы жоқ алыс шет мемлекеттердің адвокатурасының тәжірибесі Қазақстандағы адвокатураның және адвокаттық қызметті жетілдіруде маңызы зор. Алыс шет мемлекеттердің адвокатурасының тәжірибесін: АҚШ,Ұлыбритания,Франция,Германия,Италия мемлекеттерінің адвокатурасы,оның ұйымдастырылуын және олардағы адвокаттардың құқықтық жағдайларын қарастырамыз.
І. АҚШ тың күрделі құқықтық жүйесі,американдық қоғам өмірінің құқықтық реттелуінің жоғарғы деңгейлігі адвокат кәсібінің басқа кәсіби топтарға қарағанда ерекше орнын алдын ала анықтайды. Заңгерлер АҚШ та мемлекеттік басқару механизмінде коптеген жоғары лауазымдарға ие. Мысалы,АҚШ тың президенттерінің ішінде А.Линкольн,Ф.Д.Рузвельт,Г.Трумэн,Р.Никсон,Б.Клинтон адвокаттар болған.
АҚШ та заң университетінің түлегі дипломы мен заңтану докторы дәрежесінің бар болуына қарамастан адвокаттық практикамен айналысуға автоматты түрде ие болмайды. Ол үшін ол адвокаттық практикаға патент алуы тиіс,қосымша аттестациядан өтуі тиіс. Патент адвокаттық практикамен бүкіл АҚШ аумағында емес,тек қана адвокат қызмет атқаратын бір штаттың аумағында ғана айналысуға құқық береді.

реферат / 8 бет


You must be logged in to leave a reply.