27. декабря 2011 · Комментарии к записи Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау отключены · Categories: Құқық

Жоспар

Кіріспе…..2
1. Жаза тағайындаудың арнайы мәселерінің бірі – «қатысып жасалған қылмыс үшiн жаза тағайындаудың ережелері»…4
2. Қатысып жасалған қылмыс үшiн жаза тағайындау барысында жауаптылық мәселелері…….6

Қорытынды……………9
Қолданылған әдебиеттер тізімі……10

Кіріспе

Әрбір мемлекеттік мәжбүрлеу шарасының өз міндеті, өзіне тән мақсаты болады. Жазаның міндеті — жаза тағайындау, оны қолдану және іске асыру арқылы мемлекет қол жеткізуге ұмтылатын әлеуметтік нәтиже.
Жазаның мақсатын анықтаудың, бәрінен бұрын, соттың заң қолдану қызметінде маңызы зор. Нақты адамға қатысты жазаның түрін, мөлшерін анықтай отырып сот жазаның заңда белгіленген мақсаттарын басшылыққа алуға тиіс. Бұл талапты елемеу – заңсыз, дәлелсіз жаза тағайындауға, әділетті емес үкім шығаруға әкеп соғуы мүмкін.
Жаза тағайындаудың жалпы негіздеріне тоқталсақ, жаза тағайындау – жасалған қылмыста айыпты деп танылған адамға айыптау үкімін шығарарда қылмыстық ықпал жасаудың нақты шарасын соттың таңдауы.
Жаза тағайындау қылмыстық заңды қолдану барысындағы ең жауапты және маңызды саты болып табылады. Өйткені, жаза тағайындау, оны жүзеге асыру сотталған адамды түзеуге, әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруге, қылмыстың алдын алуға ықпал етеді. Жазаның осы мақсаттарына қол жеткізу көбіне қылмыстық жазаны әділ әрі негізді тағайындау арқылы мүмкін болады.
Жаза тағайындаудың жалпы негіздері дегеніміз – әрбір нақты іс бойынша жаза тағайындау кезінде сот басшылыққа алуы тиіс заңмен бекітілген белгілер. Қылмыстық заңда жаза тағайындаудың жалпы негіздері ретінде жазаның әділеттілігі, мақсатқа лайықтылығы, тиімділігі айтылады. Қылмыстық кодекстің 52-бабы 1-бөлігінде «Қылмыс жасауға айыпты деп танылған адамға ҚК-нің Ерекше бөлімінің тиісті бабында белгіленген шекте және ҚК-нің Жалпы бөлімінің ережелері ескеріле отырып, әділ жаза тағайындалады» делінген. Жаза егер ол жасалған қылмыстың ауырлығына, қоғамға қауіптілік сипаты мен дәрежесіне, кінәлінің жеке тұлғасына және қылмысты жасау жағдайларына сәйкес тағайындалатын болса әділетті деп танылады. Сонымен бірге, жаза және негізді болуы керек. Егер оны барлығы, сотталғаннан бастап қоғамның барлық мүшелері заңды, негізді және көз жетерлік жаза ретінде қабылдаса ғана ол әділетті деп танылады. Тағайындалатын жазаның заңға сәйкестік талаптары ерекше маңызды. Жасалған қылмыстың қауіптілігін бағалай отырып, сот ең алдымен, аталған қылмыстың түріне ҚК-нің Ерекше бөліміндегі заң шығарушының берген бағасын ескеруі керек. Сондықтан, әділетті жаза тағайындаудың міндетті алғышарты ретінде қылмыстың нақты заңдық саралануы саналады. Қылмысты саралаудағы қате әділетсіз жаза тағайындауға әкеп соғады.
Жазаның мақсатқа лайықтылығы дегеніміз — соттың тағайындаған мәжбүрлеу шарасының сотталған адамға оң ықпал етуге сәйкес келу талабын білдіреді. Соттың таңдаған жазасы оның жалпы мақсаттарына қол жеткізудің жеткілікті құралы болуы керек. Осыған байланысты ҚК-нің 52-бабы 2-бөлігінде «Қылмыс жасаған адамға оның түзелуі және жаңа қылмыстардың алдын алу үшін қажетті және жеткілікті жаза тағайындалуы тиіс…» деп көрсетілген. Қылмыстық заң жаза тағайындау кезінде жаза мақсаттарының біреуіне қол жеткізу болып саналатын — жазаның сотталған адамның түзелуіне әсер ететіндігін көре білуді және жасалған қылмыс пен қылмыскерді сипаттайтын барлық мән-жайларды ескере отырып, жазаның мүмкіндігінше ең қатаң емес түрін дұрыс тағайындай білуді, оның мөлшерін анықтауды міндеттейді. Сот жазаны ҚК-нің Жалпы бөлімінің ережелерін ескере отырып тағайындайды. Жаза тағайындау кезінде сот мына жағдайларды міндетті түрде ескеруі тиіс:
— Жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілік сипаты мен дәрежесі;
— Кінәлінің жеке басы;
— Кінәлінің қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқы;
— Жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар;
— Жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар;
— Тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуіне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалы.
Жаза тағайындаудың негізінде жатқан принциптер мыналар: заңдылық, адамгершілік, жазаның әділеттілігі, жазаның дәлелділігі және үкімде оның себебінің міндетті түрде көрсетілуі, жазаны жеке даралау, қылмыстық қудалау шараларын үнемдеу. Бұл принциптер ҚК нормаларында өз көрінісін табады.

Реферат / 12 бет


Comments closed.