27. декабря 2011 · Комментарии к записи Отбасы және оның тарихи негіздері, құқығы отключены · Categories: Құқық

Отбасы, жанұя, үйелмен, семья деген атаулар бір мағынаны береді.

Мәселен, “Отбасы – семья, үй деген сөздің синонимі” ( 1, 615 ), яғни бір оттың (ошақтың) басында өмір сүріп жатқан қандастар.

“жанұя — өмірдегі туысқандық қарым – қатынастық ортақ белгісі” (2, 43)

“Үйелмен – ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан адам баласының әлеуметтік ортасы” (3,334)

“Семья-некеге немесе қандас туысқандыққа негізделген қоғамдық шағын топ, адам тұрмысын ұйымдастырудың бастапқы формасы” (4,126)

Осы төрт анықтамадан түйіндейтініміз – адамның өз өмірінің негізгі процестерін бастан кешіретін кіші әлеуметтік топ отбасы болып табылады. Отбасындағы әрбір адам өмірінің онымен тығыз байланыстылығы сонша, ол әрбір отбасы мүшесінің дамуына шешуші әсер етеді.

Отбасы — қоғамдық қатынастар мен процестердің алуан түрлі формалары біртұтас болып  ұштасатын комплексті әлеуметтік құбылыс. Сондықтан да отбасыға объективтік тұрғыдан ғылыми зерттеу жүргізу оңай емес.

Адам мен қоғам үшін отбасының маңызы, атқаратын қызметі алуан түрлі болғандықтан оны зерттеуші қоғамдық ғылымдар

реферат / 12 бет


Comments closed.