27. декабря 2011 · Комментарии к записи Өсімдіктерді құқықтық қорғау отключены · Categories: Құқық

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1993 жылдың қаңтар айында «Қазақстан Республикасы Орман кодексін» қабылдады.

Онда орманды пайдалануды тәртіптеу, ағаш ресурстарын ұтымды пайдалану, сақтау және қорғау, ағаш өсіруді жолға қойып, алынатын өнімді көбейту, халық шаруашылығы мен азаматтардың ағаш өнімдері жөніндегі қажетін өтеу көзделген. Су қорларын сақтауға, климатты жұмсартуға, санитарлық – тазалық пен денсаулыққа ағаштардың тигізетін әсерін толық пайдалану көрсетілген. Орманды пайдалануда заңдылықты кушейтуге назар аударылған.

Кодексте Қазақстандағы орман — тоғай, ағаш ресурстары мемлекет меншігі деп жарияланып, олардың тек пайдалануға берілетіні айтылған.

Ормандарды пайдалану түрлері мынадай:

  • ағаш дайындау;
  • ағаш түбірлерін қазып, артық бұтақтарды, тамырдан тараған жіңішке бұталарды кесу;
  • ағаш қалдықтарын (қабықтарды, қираған бұтақтарды, шіріген түбірлерді т.б.) жинау;
  • ормандағы шөпті шауып,   мал жаю, бал араларын орналастыру;
  • ормандағы жабайы жемістерді, жидектерді, саңырауқұлақтарды, емдік және техникалық – шикізатқа жарайтын өсімдіктерді жинау;
  • ғылыми зерттеу жүмыстарын жүргізу;
  • денсаулық сақтау және мәдениетті демалу қажеттеріне пайдалану;
  • аң аулау үшін пайдалану.

Ормандарды пайдалану ережесін бұзғандар әкімшілік және қылмыстық жауапқа тартылып, тигізген зиянның орнын толтыруға міндетті.

Орманды пайдалану Ережесі мынадай жағдайларда бұзылған болып саналады:

  • рұқсатсыз,    өз бетімен    ағаш    кессе    немесе    орманды
    бүлдірсе;
  • қалдық     сулармен,     химиялық     эаттармен,     өндіріс
    қалдықтарымен орманды ластаса;
  • орман өсімдіктерін, көшеттерді, жас ағаштарды жұлса,
    қиратса;
  • рұқсатсыз,    өз    бетімен    мемлекеттік  орман    қорына
    жататын жерлерде қүрылыстар салса, мал бақса, шөп шапса;
  • рұқсатсыз немесе билет сатып алмай жеміс, жидек,
    жаңғақ, саңыраукұлақ т. б. терсе;
  • ормандағы белгілерді қиратса;
  • ормандағы пайдалы жануарлар дүниесін жойса.

Орман қорғау кодексі ағаш ресурстарын ұтымды пайдалануды, жыл сайын кесуге жататын ағаш мөлшерін анықтап,  ағаш пайдалану ережелерін қатаң сақтауды талап етеді.

 реферат / 12 бет


Comments closed.