27. декабря 2011 · Комментарии к записи Өнеркәсіп, көлік, байланыс және басқа да ауылшаруашылығына арналған жерлерінің құқықтық тәртібі отключены · Categories: Құқық

Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Көлiк жерi
1. 1 Темiр жол көлiгiнiң жерi
1.2 Автомобиль көлiгiнiң жерi
1.3 Теңiз және iшкi су көлiгiнiң жерi
1.4 Әуе көлiгiнiң жерi
1.5 Құбыр тасымалы көлiгiнiң жерi
2. Байланыс және энергетика жерлерi
2.1 Қорғаныс қажеттеріне арналған жерлер
2.2 Жердi ерекше шарттармен пайдалану аймақтары
ІІІ Қорытынды
ІҮ Пайданылған әдебиеттер

Кіріспе

Өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерi және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жер ұғымы және оның құрамы ҚР-ның Жер Кодексінде және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен тиiстi нысаналы мақсат үшiн азаматтар мен заңды тұлғаларға берiлген жер өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерi және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жер деп танылады.

Сондай-ақ, өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерiн және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жердi пайдалану ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының арнайы заңдарымен реттеледі.

Өнеркәсiп жерiне өнеркәсiп объектiлерiн орналастыру мен пайдалану үшiн берiлген жер, оның iшiнде олардың санитарлық-қорғау және өзге де аймақтар жатады. Аталған мақсаттарға берiлетiн жер учаскелерiнiң мөлшерi белгiленген тәртiппен бекiтiлген нормаларға немесе жобалау-техникалық құжаттамаларға сәйкес айқындалады, ал жер учаскелерiн бөлiп беру оларды игеру кезектiлiгi ескерiле отырып жүргiзiледi. [С1]

Сонымен қатар, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жердi аймақтарға бөлу және пайдалану кезіндегi экологиялық талаптарда қарастырылып өткен, яғни бұл ҚР-ның Экологиялық кодексінде айқындалып көрсетілген.

Яғни осы талаптарды айта кетсек, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерді аймақтарға бөлу кезінде экологиялық қауіпсіздік және жерді ұтымды пайдалану қамтамасыз етіледі және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өнеркәсіп, көлік және өзге де объектілерді пайдалану үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға ықпал ететін, аталған жерді пайдаланудың ерекше жағдайлары ескеріле отырып, аймақтар белгіленедi.

Оған қоса, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерді басқа санаттағы жерге ауыстыру кезінде өз шегінде аймақтарды белгілеу мақсаттарына сай келмейтін қызмет түрлеріне шек қойылатын немесе тыйым салынатын аймақтар ескеріледі.
Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерді басқа санаттағы жерге ауыстыру кезінде олардың химиялық заттармен жерлерді бағалаудың экологиялық критерийлерінде белгіленген деңгейлерден артық ластануы қосымша экологиялық критерий болып табылады. Ластанудың жоғары деңгейіне жатқызылған жер консервациялануға тиіс және босалқы жер құрамына ауыстырылады. [С2]

Қарастырып отырған тақырыбымызға байланысты жалпы өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерлердің айрықша түрлеріне жеке тоқталып өтуіміз тиіс.

 реферат / 20 бет


Comments closed.