27. декабря 2011 · Комментарии к записи Нотариаттық іс әрекеттерді іске асырудың негізгі ережелері отключены · Categories: Құқық

Кез-келген нотариаттық іс-әрекет салалық және арнайы заң нормаларымен реттелетін өзіндік ерекшелігі бар күрделі заңи процесс болып табылады. Бұл іс-әрекет нормативтік тұрғыдан реттелгендіктен нақты, заңи мәні бар нәтижеге жетуге бағытталады, ал нотариус – осы іс-әрекеттердің құқықтық салдары үшін заңмен уәкілдік берілген жауапты тұлға.

         Барлық уақыттарда нотариус қандай да бір маңызды заңи фактіні куәландыру арқылы жазылған және жазылмаған заңдарды сақтауға міндеттеме қабылдайтын, ал солардың сақталуы мен орындалуы нәтижесінде оның қоғамдағы кәсіби және рухани бейнесі қалыптасатын.

Отандық құқықта әрекет етуші нормативтік ережелерге талдау жасау негізінде заң шығарушының нотариаттық іс-әрекеттің әр түрін куәландыру ережелерін құқықтық тұрғыдан реттеуде заң шығарушы сабақтастықты қолдайтындығы анық көрініп отыр. Бұл жағдайды түрлі тарихи құжаттар мысалынан анық байқауға болады, яғни әр уақытта нотариус мамандығына және олар іске асыратын әрекеттерге жоғары талап қойылғаны белгілі.

Бүгінгі таңда нотариустар нотариат тарихына сирек үңіледі, дегенмен, дәл осы тарихи мәліметтерден қазіргі кездегі номативтік ережелер, нотариаттық іс-әрекеттерді іске асыруға қатысты нормалар сол кезеңнен бастау алатындығын анықтауға болады.

Төменде келтірілген цитата біздің уақытымыздан (ХІХ ғасырдың екінші жартысы) алыс болғандығы сонша

реферат / 14 бет


Comments closed.