27. декабря 2011 · Комментарии к записи Некені қию және бұзу отключены · Categories: Құқық

Жоспары

Кіріспе
1. НЕКЕ ҰҒЫМЫ
1.1. Некенің құқықтық табиғаты
1.2. Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі. Неке жасы. Некелік шарт
1.3. Неке қиюдың кедергілері. Некенің жарамсыздығы. Жалған неке
2. НЕКЕНІ ТОҚТАТУ
2.1. Некені тоқтату және оның негізі
2.2. Некені бұзу,ажырасу. АХАТ органдарында некені бұзу
2.3. Некені сот тәртібімен бұзу
2.4. Некені тоқтатудың құқықтық салдары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Заңдық мағынасында отбасы дегеніміз – бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүікке қатысты емес жекебастың құқықтарымен байланысқан адамдар тобы. Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады. Отбасы – неке қатынастарын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңы болып абылады.

Неке – отбасын құрудың негізі болып табылады. Ерлі – зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты – неке деп түсінуіміз қажет.

Егер неке тіркелмесе де, бірақ еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады. Егер кәмелетке толған балалары ата – анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлық жасап, материалдық көмек көрсетсе – бұл да отбасы. Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата – анасыз бірге тұрып, бір – біріне қамқорлық жасайтын болса – бұл да отбасы.

Адамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан туындайын қатынастар отбасылық қатынастар деп аталады. Бірақ отбасындағы қатынастардың бәрі бірдей құқық жөнімен реттеле бермейді. Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілік, ізгілік — өнегелік нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара құрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі. Отбасылық өмір қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет – ғұрыптарға сүйенеді (үлкендерді қадірлеу, отбасын қамтамасыз ету оның басшысы ретінде толықтай ер адамға жүктеледі, туысқандарды қадірлеп, құрметтеу).

Отбасының ішкі мәселелері отбасы мүшелерінің өзара келісімі бойынша шешіледі. Егер ол мәселе кәмелетке толмағандардың мүдделеріне қатысты болса, оны шешуге балалар да қатыстырылады. Құқықтық нормаларға араласу отбасылық қатынастар бұзылғанда қажет. Жеке басындық қатынастармен салыстырғанда отбасылық мүліктік қатынастар құқық арқылы егжей – тегжейлі реттелеі, өйткені бұл қатынастардың объектісі материалдық игілік болып табылады. Отбасылық құқық азаматтық құқықпен тығыз байланысты.

Реферат / 14 бет


Comments closed.