27. декабря 2011 · Комментарии к записи Мүгедектер құқығын қорғау отключены · Categories: Құқық

Жоспар

1) Кіріспе
2) Негізгі бөлім
• Мүгедектер – мүмкіндіктері шектеулі адамдар
• Мүгедектердің әлемдегі және Қазақстандағы жағдайы
• Халықаралық деңгейде мүгедектер құқығын қорғау
• ТМД елдерінде мүгедектер құқығын қорғау
• Мүгедектер құқығының ҚР-нда қорғалу деңгейі
3) Қорытынды
4) Пайдаланылған әдебиеттер

         Кіріспе

Жалпы мүгедек дегеніміз – бұл өмірлік қызметіне шек келітірп, оның әлеуметтік қорғалуын қажет ететін ағза қызметінің бұзылуы, аурулар, жарақаттар, олардың зардабынан болған дефектілері бар денсаулығы бұзылған тұлға. Бұл мүгедектер қоғамның әлсіз топтарына жатады, сондықтан да олардың құқықтарының айрықша қорғалуына әрбір мемлекет ереше назар аударады. Бұл мәселе жөнінде БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдар  қарарларын шығарып отырады. Қазақстан Республикасы бұл қараларға қосылып, өзі де мүгедектердің құқығын қорғау, оларға әлеуметтік көмек көрсетуге байланысты өзінің заңдарын шығарып отырады және олапрдың орындалуын қамтамасыз етеді. Мүгедектер жалпы 3 топқа бөлініп қарастырылады. Олардың 1-тобы аса ауыр деңгейдегі мүгедектер болып табылады, одан кейін 2 және 3-топтағы мүгедектер болады. Мүгедектердің қай топқа жатуына байланысты сол тобына сәйкес жәрдемақы алады. Бұл рефераттың негізгі бөлімінді міне осы мүгедектердің құқығының әлемдік деңгейде және Қазақстандағы қорғалуы қарастырылады. ҚР заң бойынша мүгедектерге берілетін анықтама және Батыс мемлекеттерінің инвалид сөзінің түсінуі салыстырылады. Және осы жылғы мүгедектерге берілетін ай сайынғы жәрдемақы мөлшері көрсетіледі. 18 жасқа толмаған мүгедек балалары бар отбасыларына көрсетілетін әлеуметтік көмек аталып өтіледі.

 Реферат / 14 бет


Comments closed.