27. декабря 2011 · Комментарии к записи Кооперативті және оған тиесілі жылжымайтын мүлікті тіркеу отключены · Categories: Құқық

Жоспар

Кіріспе
Негізігі бөлім
I.I Кооперативті және оған тиесілі жылжымайтын мүлікті тіркеу.
I.II Тұрғын үй құрлыс кооперативін тіркеу және қайта тіркеу.
I.III Жылжымайтын мүлiкке және онымен жасалатын мәмiлелерге құқықтарды мемлекеттiк тiркеу.

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер:

Кіріспе

        Кооперативтi және оған тиесiлi жылжымайтын мүлiктi тiркеу. Тұрғын үй және тұрғын-үй-құрылыс кооперативтерi заңды тұлғаларды тiркеу үшiн белгiленген тәртiппен тiркелуге тиiс.  Тiркелген кезiнен бастап кооператив заңды тұлға құқығын алады. Меншiк құқығымен кооперативке тиесiлi жылжымайтын мүлiк, соның iшiнде тұрғын үй Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелуге тиiс.Бұл орайда кооперативтiң әрбiр мүшесiне пайдалануға берiлетiн әрбiр пәтер (тұрғын үй-жай) және тұрғын үйдегi адам тұрмайтын үй-жай тiркеледi.

Үй-жай иелерiнiң кооперативтерiн тiркеу және қайта тiркеу. Үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кооперативi оның белгiленген тәртiпке сәйкес мемлекеттiк тiркеуден және қайта тiркеуден өткен кезiнен бастап құрылған болып есептеледi және заңды тұлға құқығына ие болады.  Үй-жайлар (пәтерлер) иелерiнiң кооперативiн тiркеу және қайта тiркеу үшiн тiркеушi органға:  өтiнiш;  кондоминиум объектiсiндегi үй-жайлар иелерiнiң құрылтай жиналысының хаттамасы немесе жазбаша сауалнаманың қорытындылары бойынша дауыс беру парақтары бар хаттамасы; үй-жайлар (пәтерлер) иелерi кооперативiнiң Жарғысы; кондоминиумды тiркеу және қайта тiркеу туралы мемлекеттiк акт табыс етiледi.  Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары үй-жайлар  (пәтерлер) иелерiнiң кооперативтерiн құруға жан-жақты көмек пен жәрдем көрсетуге тиiс. Құжаттардың толық емес топтамасы ұсынылған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негiздер бойынша мемлекеттiк тiркеу және қайта тiркеу мерзiмi кiдiртiле тұрады. Тiркеуге және қайта тiркеуге тапсырылған құжаттар он бес күнге дейiнгi мерзiмде қаралады.

 Реферат / 14 бет


Comments closed.