28. декабря 2011 · Комментарии к записи Ежелгі Қытайдағы құқықтық саяси ойдың қалыптасуы және оның ерекшеліктері отключены · Categories: Құқық

Жоспар:

I.Кіріспе
1. Жалпы саяси-құқықтық ойдың бастаулары.

II Негізгі бөлім
2.1 Даоцизм. Лао-цзы.
2.2 Конфуций.
2.3 Легизм. Шан Ян.
2.4 Мо-ди.

III Қорытынды:
3. Саяси-құқықтық ойлар мифологиялық тұрғыда.

Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе.

Саяси және құқықтық ілімдер қалай пайда болды? Оның қайнар көздері неде? Қайдан шықты? Олардың авторлары кімдер? Олардың көзқарастары мен ойлары нені білдіреді? Және кімнің мүддесін қорғайды? Осы тәрізді сұрақтарға Ежелгі Шығыс елдеріндегі саяси және құқықытық ілім тарихын оқи бастағанда-ақ тап боламыз және оның адамзат дамуының тарихында ұзақ қайшылықты жолдан өтетінін байқаймыз. Оның пайда болуы рулық қауымның ыдырап, ертедегі таптық мемлекеттердің пайда болуы мен өмір сүрген кезеңіне сәйкес келеді.

Саяси-құқықтық ілімдер алғашқы кезеңде адамдардың алғашқы мифтік көзқарастары негізінде пайда болды. Адамдардың қоғам мен табиғаттағы орны туралы мәселе ежелгі Шығыс және Батыс халықтарында, египеттіктерде, үндістерде, вавилондықтарда, парсыларда, еврейлерде, гректерде, қытайларда, римдектерде және т.б.  халықтардың мифтік аңыздарда көрініс табады.

Реферат / 10 бет


Comments closed.