27. декабря 2011 · Комментарии к записи Еңбек құқығының қайнар көздері отключены · Categories: Құқық

Жоспар
Кіріспе

1. Еңбек құқығының қағидаттары
1.1 Еңбек құқығының қайнар көздері
1.2 Еңбек құқығының субьектілері
2. Еңбек құқығының пәні және әдістері

3. Еңбек шартының ұғымы, түрлері
3.1 Еңбек шартын тоқтату негіздері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Еңбектік қатынастар – бұл ҚР-ның еңбек заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін қызметкер мен жұмыс берушінің арасында туындайтын қатынастар. Еңбек қатынастары әдетте еңбек заңнамасына сәйкес жасалған еңбек шартының негізінде туындайды. Еңбектік қатынастар – еңбекке деген қатынастарды оның қоғамдық ұйымның орнында, яғни өндіріс кезіндегі еңбекті қорғайды.

Еңбектің техникалық ұйымы – бұл адамның оның құралдарымен, техника, материалдарымен, технологиялық үдерістерімен байланысы болып табылады.

Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетін еңбек қатынастары мен еңбек еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастар, әлеуметтік әріптестік, еңбек қауіпсіздігін  және еңбекті қорғау жөніндегі қатынастар еңбектік құқықтық қатынастар болып табылады. Еңбектік құқықтық қатынастардың мазмұнын Еңбек кодексінің 22,23 баптарында белгіленген тараптардың (жұмыс беруші мен қызметкердің) міндеттері мен құқықтары құрайды.

Еңбек қатынастары  және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастар еңбек заңнамасының негізінде еңбек шартында, жұмыс берушінің актісінде, келісімінде және ұжымдық шартта көрсетіледі.

Бүгінгі күні белсенді ретінде еңбектік қатынастардың 2 тобы қарастырылады:

  1. Жалдамалы жұмыс істейтіндер
  2. Акционерлік қоғамдар мен ұйымдардың жеке меншіктерінде жұмыс істейтіндер.

Еңбек келісімінің пәнідегі негізгі топқа қоғамдық – еңбектік қатынастар жатады, сонымен қатар қатынастардың 9 түрі қарастырылады:

  1. Жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету қатынастары;
  2. Коллективтің жұмыс беруші мен әкімшілігі арасындағы қатынастар;
  3. Кәсіподақтық органдардың өндіріс орнымен қатынасы;
  4. Кадрларды дайындау, біліктілікті жоғарылату кезіндегі қатынастар;
  5. Материалды жауапкершілік қатынастары;
  6. Еңбектік дауларды шешудегі қатынастар
  7. Жұмыс беруші мен жұмыскердің арасындағы еңбектік қатынастары және т.б

 Реферат / 10 бет


Comments closed.