Жоспар
Кіріспе.
Негізгі бөлім:

1) Баланың тірек жүйесінің маңызы, құрылысы, қызметі.
2) Баланың белсенді қозғалыс жүйесі.
3) Баланың қимыл-қозғалыстарының дамуы.

Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Балалар мен жасөспірімдердің дамуында қозғалыстың маңызы зор. Кеңістікте қозғалып жүру, денені тік қалыпты ұстау,теңдікті ұстау қабілеттері адамның сүйек –ет жүйесінің қасиеттері мен қызметіне байланысты. Сүйек-ет жүйесіне, яғни тірек-қимыл аппаратына адамның қаңқасы мен бұлшық еттері жатады.

Қаңқа екі жүзден астам сүйектерден тұратын адамның негізгі қатты тұлғасы. Олардың көбі бір-бірімен буын арқылы жалғасып, қозғалмалы келеді. Қаңқаға бұлшық етттер бекітілген. Ет пен сүйек адамның негізгі тірегі және оның қозғалуы, еңбек етуі осы сүйек – ет жүйесінің қызметіне байланысты. Ол жұлынның, мидың және көптеген ішкі мүшелердің сауыты болғандықтан, қорғану қызметін де атқарады, яғни жұмсақ мүшелерді соққыдан және басқа да түрлі жағымсыз әсерлерден қорғайды. Соңғы кезде бұл жүйе зат алмасуына, әсіресе минерал заттарының мөлшерін бір деңгейде сақтауға қатысатыны анықталды.
Бұлшық еттердің ұштары сүйекке бекітілген. Олардың көбі екі сүйекке бекігендіктен олардың қозғалысын іске асырады. Әрбір сүйекке екі, тіпті одан да көп еттердің ұштасуы мүмкін.

Еттердің негізгі қызметі – сүйектерді қозғау. Сол арқылы адамның еңбек етуін, күрделі жұмыстарды орындауын қамтамасыз етеді.
Адамның қимыл-қозғалысы организмдердің эволюциялық дамуында қалыптасқан, оған тән морфологиялық және функциялық денені тік ұстауға, қимыл қозғалысқа ет пен сүйектен басқа тірек – қимыл жүйесіне кіретін буындар, сіңірлер, тарамыстар қатысады.
Сонымен сүйек-ет жүйесі негізінен тірек, қимыл-қозғалыс, қорғаныс, тұздардың алмасуына қатысу арқылы адам организмінде өте маңызды орын алады.

Адам қаңқасының негізі – сүйек. Сүйек қан тамырлары мен нервтер өтетін сүйек каналдардың айналасында орналасқан остеон деп аталатын жұқа пластинкалардан тұрады. Сүйектің сыртында сүйек қабы бар. Тек қана буындарда сүйек қабының орнына шеміршек болады. Остеондардың орналасуына қарай сүйек екі түрлі заттардан тұрады: тығыз және кемік заттар.

Тығыз заттар кемік сүйектің сыртын ала орналасқан. Олардың қалыңдығы әр сүйекте әртүрлі. Тірек-қимыл қозғалыс қызметтерін атқаратын сүйектердің тығыз заттары көп болады, мысалы, ұзын сүйектің ортаңғы бөлімі – диафизінде. Кемік сүйекте остеондар айқыш – ұйқыш орналасады да, арасында саңлаулары көрінеді. Олар қысқа, жазық сүйектерде, ұзын сүйектің екі жақ ұшында көп болады. Жілік сүйектерінің майы және қуыстары болады. Жілік майының каналдарында сары түсті, ал кемігінде қызыл түсті май бар. Себебі кемік сүйектерде қан түйірлері эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер өніп дамиды. Ересек адамның жілік қуыстарындағы май сары түсті келеді. Олар көбіне май клеткаларынан тұрады.

Сүйек қабы сәл қызғылттау екі қабықтан тұрады: сыртқы және ішкі қабықтар. Сыртқы қабығы тығыз, ішкі қабығы жұмсақ, борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұрады. Ішкі қабығында сүйектердің өсуін қамтамасыз ететін клеткалар остеобластар болады.

 Реферат / 14 бет


You must be logged in to leave a reply.