1. Атқарушы билік органдарының түсінігі мен құқытық мәртебесі
  2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің әкімшілік – құқықтық мәртебесі
  3. Орталық атқарушы органдар (министрліктер, ведомстволар)
  4. Жергілікті атқарушы органдардың әкімшілік – құқықтық мәртебесі

Атқарушы билік органдары билікті жүзеге асыруға қатысуға бағытталған саяси мекеме ретінде түсінуге болады.

Кез келген мемлекеттік басқару органы атқарушы билік органы болып табылады, ал атқарушы билік органы үнемі мемлекеттік басқару органы болады.

Қазіргі кездегі атқарушы билік органының құқықтық мәртебесінің негізі толығымен жалпы көзқараспен мінезделуі мүмкін. Атқарушы билік органдары өздеріне жүктеген қызметті жүзеге асыру үшін мемлекеттік биліктік өкілеттіктермен бөлінген. Атқарушы билік органның атқарушылық билікті жүзеге асыруға арналған мұндай өкілеттілігі басқа да мұндай өкілеттілік берілген органдардан ерекшеленеді.

Атқарушы билік органдарын мемлекет бюджеттен қаржыландырады. Атқарушы билік органдарының құқықтары Қазақстан Республикасының Конституциясымен , субъектілерінің жарғыларымен және мәртебесін бекітетін басқа да нормативтік құқықтық актілермен айқындалған.

реферат / 10 бет


You must be logged in to leave a reply.