Мазмұны

1. Қылмыстық құқықтағы жазаның түсінігі мен мақсаттары.
2. Жазаның жүйелері мен түрлері.
3. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері.
4. Жазадан босатудың негізі мен түрлері.
Қылмыстық құқықтағы жазаның түсінігі мен мақсаттары.

Қылмыстық жаза мемлекеттің адам жасаған қылмысқа көңіл бөлгендігін  білдіреді. Ал  қылмыскердің  өзі  үшін жаза – ол жасаған қылмыстың  қылмыстық–құқықтық  зардабы.  Қай мемлекет болмасын ол қылмысқа қарсы күрес жүргізуде әртүрлі әлеуметтік ұйымдастырушылық, экономикалық, тәрбиелік, рухани шаралардың барлық түрін кеңінен  қолдануға тырысады. Күнделікті өміріміз қылмысқа қарсы күресте қылмыскерлерге қылмыстық жаза шараларын,  соның ішінде олардың қатал түрлерін қолданып  қоюмен  ғана  көзделген   мақсатқа жету мүмкін еместігін дәлелдеп  келеді. Бұл күресте  қылмысты  ескерту  шараларының,  сондай-ақ, қылмыстың алдын-алу шараларының да көзделген нәтижеге жетудегі үлесі қомақты болып отыр. Мемлекеттің қылмысқа қарсы күрестегі қолданатын шарлары сан түрлі. Мемлекет қолданатын осы шаралар ішіндегі ең негізгісі де ең ықпалдысы да –жаза, яғни жазалау шарасы болып табылады.
Қылмыстық-құқықтық нормалардың бұзылмауын мемлекет мәжбүрлеу арқылы жүзеге асырады. Себебі, басқа құқықтық нормаларға қарағанда қылмыстық құқықтағы тыйым салынған нормалар жиірек бұзылады және оның мемлекет, қоғам мүддесіне немесе жеке азаматтардың мүддесіне тигізетін залалы басқа құқық салаларының нормаларының бұзылуына қарағанда анағұрлым мол. Қылмыс пен жаза–қылмыстық құқық өзінің пайда болған кезінен сүйенетін бір-бірімен тығыз байланысқан ажырамас категориялар. Қылмыстық жаза мәселесі қылмыстық құқық теориясында ерекше орын алады, өйткені, ол қылмыстылықпен күресу шараларының жүйесіндегі ең ауыр да қажетті шаралардың бірі болып табылады.
Жаза адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін, адамзаттың қауіпсіздігі мен бейбітшілікті, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, сонымен қатар, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған. Республикамыздың қылмыстық кодексі жазаға төмендегідей анықтама береді: «Жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатынмемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және осы адамды Қылмыстық кодексте көзделгендей құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе оларды шектеу болып табылады». Бұл анықтамада жазаның негізгі белгілерінің жиынтығы берілген.
Қылмыстық жаза мемлекеттік мәжбүрлеу шараларының жеке бір түрі және оның өзіне тән мынадай белгілері бар:

 Реферат / 17 бет


You must be logged in to leave a reply.