Мазмұны:

Кіріспе

I. Салық ұғымы,түсінігі ……4-6
1.1. Жергілікті салықтар және оның түрлері…..6-8
1.2. Бюджет құрылымы және оның құрамындағы жергілікті салықтар..8-10
II. Жергілікті салықтардың бюджет жүйесіндегі рөлі…..
2.1 Жергілікті салықтар мен алымдардың сипаттамасы және Қазақстанның салық жүйесіндегі олардың рөлі…..11-15
III Жергілікті салықтардың бюджетке түсімінің ағымдағы даму жағдайын талдау….16-18

Қорытынды……………
Қолданылған әдебиеттер тізімі ……….

Кіріспе

Әр аймақтың экономикалық — әлеуметтік жағдайы жіті көзқараспен, байыпты бағдар ұстап қарауды қажет ететін дүние. Оны өзгерту, көтеру жолында талпынған сол аймақ ерекшеліктеріне қарап шешім қабылдамаса болмайды. Өйткені, республика былай тұрсын, облыс аудандарының, тіпті аудан ішіндегі әр шаруашылықтың өзіне тән ерекшелігі, қалыптасқан еңбек ету дәстүрі болады. Шаруашылық қызметпен айналысушы тұлғалардың салықтарының бәрі бюджеттен орын табады. Бюджет- кез келген мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі болып табылады. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдардың ақшалай қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін- өзі басқару органдарының фукцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Кез-келген мемлекеттің бюджеттік қоржынына жыл санап салық тағы басқа төлемдерден түскен қаржылар арқылы мемлекеттік маңызы бар қорғаныс, денсаулық сақтау, білім беру сияқты мемлекеттің көмегін қажет ететін салаларға бөлініп, сол салалардың игілігі, мемлекеттің нарықтық экономика жағдайында бәсекеге сай дамуы мен экономикалық потенциалының ұлғаюуына зор мүмкіндік береді. Бюджет сонымен қатар, экономиканы мемлекеттік реттеудің, шаруашылық конъюнктураға ықпал етудің, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың қуатты құралы болып табылады.

Осыған орай  мемлекеттегі әрбір аудан, қалалардағы шаруашылық қызметпен айналысушы тұлғалардың төлеген салықтары жергілікті бюджетке түседі. Жергілікті бюджетке түсетін салықтық түсімдерді жергілікті салықтар деп атайды.Жергілікті салықтардың бюджет құрылымындағы алатын орны мен маңыздылығы өте зор болып табылады. Жергілікті салықтық түсімдердің арқасында жергілікті білім беру, денсаулық сақтау,мемлекеттік және жергілікті бағдарламалар қаржыландырылып, қызмет етеді.

Реферат / 18 бет


You must be logged in to leave a reply.