27. декабря 2011 · Комментарии к записи Сұраныс және ұсыныс қисығы отключены · Categories: Қаржы

Мазмұны:

Жалпы нарық немесе рынок деген ұғымды классикалық саяси экономия бағытының негізгі өкілі Адам Смиттің (1723 – 1790 жж.) «көрінбейтін қол» қағидасымен байланыстыруға болады. Оның айтуынша, «көрінбейтін қол» — бұл сатушылар мен сатып алушылардың өзара әрекеттерін тиімділікке жетелейтін автоматты өзін өзі реттеу механизмі, өндірушілердің пайдасын арттыруға және тұтынушылардың пайдалылығын максималдауға итермелейтін күш және мәжбүрлейтін бәсекелік күрес. Сондықтан, классикалық бағытқа сәйкес, нарық өзін өзі автоматты түрде реттейтін механизм деген тұжырым қалыптасқан. Нарық деген ұғымға бірнеше анықтама беруге болады.

         Нарық (рынок) дегеніміз 1) тауарлар мен қызметтерді сату және сатып алумен байланысты барлық экономикалық қатынастар жиынтығы; 2) өзара айналым сферасын сипаттайтын тауар – ақша қатынастары; 3) сатушылар мен сатып алушылардың мүдделерін келістіріп отыратын сиқырлы құрал немесе тетік; 4) тауарлар мен қызметтер арқылы кез келген салада әрекетке түсетін экономикалық агенттердің кез келген жағдайда өзара үйлесім табуы;

5) сұраныс, ұсыныс және баға арқылы өзін өзі реттейтін механизм. Міне осы түсініктерге байланысты нарық жағдайында, сұраныс пен ұсыныстың бітпейтін өзара әрекеттестігі сипатталады.

Сұраныс әрқашанда сатып алушылар (тұтынушылар, үй шаруашылықтары) тарапынан болады. Сұраныс дегеніміз тұтынушылардың белгілі бір уақытта, белгілі бір бағамен тауарлар мен қызметтердің белгілі бір көлемін сатып алуға деген дайындығын сипаттайтын төлем қабілеттілігі бар қажеттіліктері мен талаптары. Сұраныс көлемі, яғни тауарларды сатып алу көлемі – бұл тұтынушылардың ағымдағы бағамен берілген уақыт бірлігінде сатып алғысы келетін сол игіліктердің максималды саны. Ал сұраныс бағасы – бұл тұтынушылардың белгілі …

реферат /  22 бет


Comments closed.