27. декабря 2011 · Комментарии к записи Қазіргі жағдайдағы Қазақстан Республикасының қаржылық жүйесі отключены · Categories: Қаржы

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3
1 Қазіргі жағдайдағы Қазақстан Республикасының қаржылық жүйесі 4
1.1 Қаржы жүйесінің құрамы 4
1.2 Қазқстан Республикасының қаржы қатынастары 6
2 Қазіргі заман кезеңіндегі қаржылық бақылау 9
2.1 Қаржылық бақылау 9
3 Тестік тапсырма 14

Қорытынды 15
Қолданылған әдебиеттер тізімі 16

КІРІСПЕ

«Қаржы жүйесі» ұғымы тиісті акша қаражаттарының қорын құру және пайдалану негізіндегі қатынастардың жиынтығын, сондай-ақ, осы қатынастарды ұйымдастыратын органдарды қамтиды. Кейде бұл ұғым тар мағынада мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады, бірақ бұл анық емес.

Жоғарыда көрсетілген ұғымның анықтамасына қаржының мәндік сипаттамасынан туындайтын қаржы жүйесінің сыныпталуының қағидалық моделі, оның-қоғамдық-экономикалық  үрдістегі орны берілген. Осы критерийге сәйкес қаржы жүйесі үш бөлімнен тұрады:

1        қаржы қатынастарының жиынтығы;

2        ақша-қаражат қорларының жиынтығы;

3        басқарудың қаржылық аппараты.

Қаржыдағы функционалдық сыныптамаға сәйкес, салық, бюджет, сыртқы экономикалық қатынастар, қаржыны жоспарлау, бақылау және басқаларды функционалдық жүйеастылар деп атауға болады.

Қазақстан Республикасында макро- және микроэкономиканың қаржы жүйесін реттеліп отыратын қаржы қатынастары мен ақша ресурстарының жиынтығы және оларды жұмылдыруды, ұлттық шаруашылықты қаржыландыру мен несиелендіруге байланысты бөлуді жүзеге асыратын қаржы мекемелері құрайды.

Бүгін де Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы қаржы қатынастарының біршама дербес мына сфераларынан тұрады:

–      мемлекеттің бюджет жүйесі;

–      арнаулы бюджеттен тыс қорлар;

–      мемлекеттік несие;

–      жергілікті қаржы;

–      шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы;

–      халықтың қаржысы.

Қаржылық бақылау әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік, техникалық бақылаулармен де қатар жүргізіледі.Шаруашылық органдардың қаржы қызметі шаруашылық қызметімен тығыз байланысты болғандықтан, оны шаруашылық бақылауынан ажырту қиын, өйткені қаржы операцияларының көпшілігінде шаруашылық қызметінің басқа элементтері бейнеленеді.

Қаржылық бақылаудың ерекшелігі – ол  ақша түрінде іске асырылады.Оның тікелей объектісі табыстар мен жинақтарды қалыптастыру процестерінде ақшалай қорларды жасау мен пайдалану табылады.Алайда қаржылық бақылаудың іс-қимылы қаржы қатынастарының әлдеқайда кең ауқымын қамтиды.Өйткені қаржы басқа құн категориялармен: еңбекақымен, өнімнің өзіндік құнымен, пайдамен, өндірістік қорлармен (негізгі және айналым), күрделі қаржы мен тығыз байланысты.Өндірістік емес салалардағы мекемелер мен ұйымдардың бюджеттен бөлінген қаржаттарды дұрыс пайдалануын бақылауы олардың қызметінің барлық жақтарын: — жүйені толық қамтуды, қаржы жұмсаудың белгіленген нормаларының сақталуын қамтиды.

  реферат / 16 бет


Comments closed.