Қаржылық  есеп  беру.

Қаржылық  есеп  беру  деп  кәсіпорынның  өткен  кезеңдегі  қаржылық-шаруашылық  қызметін  кешенді  түрде  сипаттайтын  барлық  көрсеткіштер  жүйесін  айтамыз. Есеп  беру  процесін  жасау  есеп  жұмысының  соңғы  сатысы  болып  табылады.

Қаржылық  есеп  берудің  мақсаты  өз  пайдаланушыларына  заңды  тұлғаның  қаржылық  жағдайы  туралы  сенімді, мәнді  және  пайдалы  ақпараттарды  беру  болып  табылады. Қаржылық  есеп  берудің  пайдаланушыларының  қатарына  потенциалды  инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып  алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ  мемлекеттік  органдар, т.б.  кіреді.

Қаржылық  есеп  беру  басқарушы  органдарының  жұмысын  және  субъектінің   ресурстарын,  міндеттемелерін  және  ақша  қаражаттарының  болашақтағы  ағындарын  бағалауға,  несие  беру  бойынша  шешімдерге  және  инвестициялық  шешімдерді  қабылдауға  пайдалы  ақпараттарды  береді.

Есеп  беру  мәліметтерін  кәсіпорынның  тиімділігін  бағалау үшін,  сондай-ақ  шаруашылық  қызметін  жедел  басқару  үшін  басты  база  болып  табылады.

Осымен  қоса, есеп  беру  кәсіпорынның  шаруашылық  қызметін  жедел  басқару  үшін  қажет  ол  болашақ  кезеңдерді  жоспарлау  мен  болжау  үшін  басты  база  болып  табылады.

Есеп  беруге  қойылатын  негізгі  талаптар: кәсіпорын  қызметнің  нәтижесін  анық  және  объективті  көрсету, барлық  көрсеткіштерді  бір-бірімен  қатаң  түрде  үйлестіру, бухгалтерлік  пен  жедел  статистикалық  есеп  берудің  сабақтастығын   сақтау, әдістемелік  және  басқа  да  ережелерді  сақтау  болып  табылады.

Есеп  беру  жөніндегі  жұмыстарды  мүлтіксіз  ұйымдастыру  ісінде  есепші  қызметкерлердің  міндеттерін  өзара  дұрыс  бөлудің  және  есеп  жұмыстарының  кестесін  белгілеудің  маңызы  зор. Берілетін  есеп  тиісті  жиынтық  құжаттарында, саралау  парақтарында  және  белгіленген  көлемдерде  есептік  тізімдемесінде  жинақталады. Аталған  деректердің  негізінде  талдау  жасалынады.

Жасалған  баланстық  және  басқа  берілетін  есептердің  көрсеткіштерінің  дәлдігін  қамтамсыз  ету  үшін  арифметикалық  және  логикалық  тұрғыдан  мұқият  тексеру  керек. Баланстың  сабақтастығын  есепті  кезеңнің  басындағы  баланс  баптарының  соңындағы  көрсеткіштердің  әрбір  жолы  анықталады. Қаржы  есебін  беру  тәртібі  бухгалтерлік  есептің  стандартарымен  реттеледі:

№2  «Бухгалтерлік  баланс  және  қаржылық  есептің  негізгі  көрсеткіштерін  ашып  көрсету  (2  БЕС); «Қаржылық-шаруашылық  қызметінің  нәтижесі  туралы  есеп  беру» (3  БЕС)  және  «Ақша  қаражатының  қозғалысы  туралы  есеп  беру» (4  БЕС)  арқылы  жүзеге  асырылады.

Жылдық  есептің  меншік  иелерінде  (қатысушыларында, құрылтайшыларында)  немесе  құрылтай  құжаттарында  көрсетілген  мәліметтері  бойынша  тиісті  органдарға: салық  инспекциясына; жергілікті  қаржы  органдарына, мемлекеттік  статистика  органдарына  есеп  береді.

реферат / 14 бет


You must be logged in to leave a reply.