27. декабря 2011 · Комментарии к записи Қаржылық фьючерстер мен опциондар есебі және салық салу отключены · Categories: Қаржы

Қаржы фьючерс — шын мәнінде несиені сату болып табылатын биржалық келісімшарт, яғни белгілі бір көрсеткішке — қайсыбір қаржы құралына, не қаржы нарығының жекелеген көрсеткіштеріне: валютаға, валюта бағамының индексіне; іскерлік белсенділік индексіне, мемлекеттік борыш міндеттемелеріне, несие бойынша пайыз мөлшерлемесіне, асыл металдарға, т.б негізделген фьючерстік келісімшарт- бағаны қоспағанда, сатып алу-сату келісімшартының бүкіл сипаттамасы қатаң тіркелген. Әдетте, тауар, фьючерстік биржаларында жүргізіледі. Қаржы фьючерсі — биржадан тыс саудада, ең алдымен банкілерде қолданылады.

Қаржы фьючерсі — баға сауда-саттық барысындағы сұранымға қарай айқындалады және несие пайызының мөлшерлемесі болып табылады, сатушы бұл мөлшерлемені оның ақшалай қаражатын пайдалану құқығы үшін алғысы келеді, ал сатып алушы оларды пайдаланғаны үшін төлеуге әзір. Сатып алушы, сонымен қатар, фьючерсті кейіннен қайта сату құқығын алады. Қаржы фьючерсі биржадан тыс саудада, ең алдымен банкілерде қолданылады.

Қаржы фьючерстер негізінен төрт топқа бөлінеді:

Валюталық фьючерстер- қандай да бір айырбасталымда валютаны сатып алу- сату бойынша фьючерстік келісім шарттар. Олар валюталық форвардтарға ұқсас және олардын жасалатын жері(биржаларда), стандарттау деңгейі(толық) және оларға кепілдік беру тетігі(маржалық алымдар тетігі) бойынша өзгешеленеді ;

Қор фьючерсі – акциялардың кейбір түрлерін сатып алу- сату бойынша фьючерстік келісімшарттар. Кең таралмаған;

Пайыздық фьючерстер – бұл пайыздық мөлшерлемелерді өзгерту туралы және ұзақ мерзімді облигацияларды сатып алу- сату туралы фьючерстік келісімшарттар. Біріншілері – қысқа мерзімді пайыздық фьючерстер, ал екіншілері —  ұзақ мерзімді  пайыздық фьючерстер.

Индекстік фьючерстер – бұл қор нарығының индекстерінің мәндерін өзгерту туралы  фьючерстік келісімшарттар.

Өнеркәсіптік кәсіпорындарды акционерлеу барысында опциондар кеңірек дамыды. Осыған байланысты акционерленетін кәсіпорындардың акцияларын жеңілдікпен сатып алу құқығы қамтамасыз етіледі. Опционды сатушы, оның акцияларының сату нарығына белгілі бір кепілдік алады. Тиісті бағалы қағаздардың меншік иесі болмай-ақ, бірақ оларға құқық алатын опционды иеленуші, ұтыс нәтижесіне айналғанға дейінгі уақытқа бұл құқықты қолында ұстап қалады. Қолайсыз жағдай туған ….

 реферат / 5 бет


Comments closed.