МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ:
Экспорттық бақылау саласындағы Қазақстанның қолданыстағы заңнамасы
І. Іс-әрекеттің нәтижелері
ІІ. Бақылаудың бағыттары
ІІІ. Экспорттық бақылаудың негізгі принциптері
ҚОРЫТЫНДЫ:
Қазақстан Республикасының заңнамасы

КІРІСПЕ

Экспорттық бақылау саласындағы Қазақстанның қолданыстағы заңнамасы (заңдар мен ережелер) өзімен тауарларға, ақпаратқа, жұмыстарға, қызметтерге, инталлектуалды іс-әрекеттің нәтижелеріне қатысты сыртқыэкономикалық іс-әрекетті іске асыру тәртібін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін шаралар кешенін ұсынады. Әлемдік практикада экспорттық бақылау нысандары қару, әскери техника, әскери-техникалық салада қолданылатын жұмыстар, қызметтер, инталлектуалды іс-әрекеттің нәтижелері, атом энергиясын пайдаланумен байланысты жабдықтар мен материалдар, әскери және азаматтық мақсаттарда қолданылатын тауарлар мен екі жақты арналудағы технологиялар болып табылады.

ҚР ЭМРМ Атом энергетикасы жөніндегі комитет өзінің өкілеттілігіне сәйкес коммерциялық мақсаттарда беру, сату немесе сатып алу немесе коммерциялық емес сипатта беруден тұратын, атом энергиясын пайдалану саласында тауарлар мен қызметтің экспорты мен импортына бақылауды іске асырады.

Бақылаудың бағыттарының бірі – экспорт пен импортқа лицензия алуға өтініштерді, сондай-ақ ядролық экспортқа (импортқа) жататын өнімді тасуға рұқсаттарды келісу болып табылады.

Ядролық экспортқа (импортқа) жататын өнімге ядролық материалдар, технологиялар, жабдықтар, қондырғылар; арнайы ядролық емес материалдар; екі жақты арналудағы жабдықтар, материалдар мен технологиялар; иондаушы сәуле тарату көздері мен изотоптық өнімдер жатады.

Экспорт пен импортқа лицензия алуға өтініштерді, сондай-ақ ядролық экспортқа (импортқа) жататын өнімді тасуға рұқсаттарды келісу орнатылған үлгідегі өтініштер және экспорт жолдары мен өнімді соңғы пайдаланушының сенімділігін жанжақты бағалау негізінде іске асырылады. Ядролық экспорттың жекелеген санаттары үшін ядролық қаруы жоқ елдердің құзіретті мемлекеттік органдары тарапынан алынатын өнімді бейбітшілікте пайдалануы туралы кепілдіктің болуы қажет.

Ядролық экспорт пен импортқа лицензиялар тек қана атом энергиясын пайдалану саласында белгілі іс-әрекет түрін жүргізуге Атом энергетикасы жөніндегі комитеттің лицензиялары бар заңды тұлғаларға беріледі (сайттың «Лицензиялау» бөлімін қар.).

Сыртқыэкономикалық іс-әрекетті іске асыру тәртібін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін маңызды шарттардың бірі құқықтық реттеу, міндеттерді бөлу және экспорттық-импорттық операцияларды іске асырушы ұйымдар және экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік реттеу органы арасындағы жауапкершіліктің аражігін ажырату болып табылады.

 Реферат / 17 бет


You must be logged in to leave a reply.