Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан оларға сатқан тауарлары,көрсеткен қызметтері,сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төленген төлемдері үшін алашақ борыштары-Дебиторлық борыштар (Алынуға тиісті шоттар) деп аталады.осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады.Өтелетін (алынатын) уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық борыштар ағымдағы алынуға тиісті борыштар және ұзақ мерзімді алынуға тиісті борыштар болып екіге бөлінеді.Бұл борыштардың есебі «Алынуға тиісті шоттар» бөлімінің шоттарында есептеледі.

Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын (өтелінетін) дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында есептеледі.Олардың қатарына жататындар:

  • ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық (алдын ала төленген) төлем;
  • тапсырылған (берілген) шоттар бойынша алынуға тиісті борыштар;
  • вексельдер бойынша алынуға тиісті борыштар;
  • негізгі ұйымдар мен оның еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық борыштар;
  • ұйымның лауазымды адамдарының (тұлғаларының) дебиторлық борышы;
  • басқадай дебиторлық борыштар.

Кәсіпорынның балансындағы алынған вексель деп аталатын бабындағы сома басқа заңды немесе жеке тұлғалардың ұйымға  вексель бойынша гөлейтін ресми берешегі болып есептелінеді.Алынуға  тиісиі шоттар бойынша борыштар (дебиторлық борыштар) иелік ету құқығымен байланысты актив болып саналады.

реферат / 14 бет


You must be logged in to leave a reply.