ЖОСПАР:

I. Кіріспе……………………………..3

II. Негізгі бөлім

2.1.Әлемдік қаржы нарығының даму эволюциясы………….4-12

2.2. Әлемдік қаржы нарығының негізгі белгілері……………13

2.3. Әлемдік қаржы нарығының қызмет ету шаралары……….14

III. Қорытынды………………………………15

КІРІСПЕ

Экономикасы дамыған елдерде қаржы нарығы субьектілерінің алатын орны ерекше. Себебі, тарихи маманданған несие-қаржы институттарының алғашқы мекемелері қарыз капиталы нарығындағы кейбір сұрыптардың қанағаттандыру мақсатында пайда болды. Маманданған қаржы-несие институттары (немесе оларды парабанктік мекеме деп атайды) не белгілі бір клиенттерге қызмет түрін көрсетеді немесе бір-екі қызмет түрін меңгереді. Ол мекемелер бір жағынан клиенттердің несие-есеп операцияларын жүргізіп, Орталық банктің талаптарын орындаса, екінші жағынан қаржы, сақтандыру, инвестициялық және сондай операциялар орындаумен сол салалардың бақылауымен қызмет жасайды. Олар әртүрлі маманданған қаржы институттарының жиынтығы несие жинақтау мекемелері инвестициялық қорлар немесе компаниялар, зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, мекемелердегі өзара көмек кассалары, ломбардтар және тағы басқа.

Өркендеген мемлекеттерде бұл институттар, яғни банктік емес мекемелер, коммерциялық банктермен қаржы нарығында бәсекеге түсіп, фирмалар мен компанияларға сан алуан түрде қызмет көрсетті. Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға өту шағында бұл мәселелер бойынша әлемдік тәжірибеге қызығушылық болуы.

ТМД-ның барлық елдерінде, соның ішінде Қазақстанда, тәуелсіздік алумен бірге экономиканың қаржы секторының реформасы және дамуы қаржы институттарының тұрақтылығын жетілдіру мен нығайту және тұрғындардың қаржы секторына сенімін арттыру бойынша іс-шараларды белсендендіруге әкелген басымды мемлекеттік міндеттердің маңыздыларының бірі ретінде қарастырылады.

Айта кететін жәйт, революцияға дейінгі Ресейде, одан соң КСРО және жаңа экономикалық саясат пен ауыл шаруашылығын ұжымдастыру жылдарында несие институттарының кейбіреулері мысалы, несиелік серіктестіктер өзара несиелеу қоғамдары, несиелік одақтар және тағы басқа олардың түрлері болады: қазірде банктік емес мекемелерге кәсіпорындардағы өзара көмек кассаларын, ломбардтарды, шаруа қожалық ассоциацияларында құрылған есеп-айырысу қаржылықтарын кіргізуге болады.

Бірсыпыра мемлекеттерде маманданған несие-қаржы институттарына: жинақ мекемелері, сақтандыру компаниялары, қаржы компаниялары, ақша нарығындағы өзара қорлар жатады.

реферат / 15 бет


You must be logged in to leave a reply.