28. декабря 2011 · Комментарии к записи АДАМ САНАСЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ отключены · Categories: Психология

Адамның дене бітімінің қалыптасуы. Адам өте ертедегі адам тектес маймылдан шыққан. Адамның дене бітімінің қазіргі жоғары дамыған маймылдардың дене бітіміне ұқсауы сондықтан. Алайда, адам маймылдардың қазіргі типінен тарады деу жаңсақтық болар еді. Ғылым осыдан шамамен 50 миллион жыл бұрын жар-тылай маймылдар — лемуарлар, одан кейінірек шамамен осыдан 30 миллион жыл бұрын төменгі дәрежеде дамыған маймылдар — парапитектер — адам тәріздес маймылдардың арғы аталарының пайда болғанын дәлелдеп отыр. Одан бертінірек (шамамен осыдан 15 миллион жыл бұрын) ежелгі антропоидтар — дриопитектер өмір сүрген. Соңғыларының өзі екі текке бөлінеді: бірі — қазіргі май-мылдар — горилла мен шимпанзе де екіншісі — жоғары дәрежеде дамыған антропоморфты маймылдар ромапитектер мен австралопитектер. Осы австролопитектерден адамның тегі тарайды.

Реферат / 7 бет


Comments closed.