28. декабря 2011 · Комментарии к записи ЖОО оқытуда лекция дәстүрлі форма ретінде отключены · Categories: Педагогика

Жоспар

Кіріспе

1. Студенттерге оқытуды ұйымдастыру түрлері
2. Лекцияның түрлері және олардың қолданылуы
3. Лекцияның сапасы мен оқу әдістемесі

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Жоғарғы мектептерде оқытуды ұйымдастырудың әр алуан түрлері бар: лекциялар, практикалық оқулар және оның түрлері – просеминар, семинар, арнайы семинар, зертханалық жұмыстар, практикум, өз бетінше жұмыс, студенттердің оқу-зерттеу жұмыстары, өндірістік және педагогикалық практика және басқалар. Дидактикада олар студенттердің белгілі бір дидактикалық міндеттерді шешуі үшін танымдық қызметтік басқару тәсілдері ретінде түсіндіріледі. Сонымен қатар лекция, семинар, өз бетінше жұмыс, оқытуды ұйымдастыру түрлері ретінде болады, өйткені олар оқытудың мазмұны мен әдістерін жүзеге асыру шеңберіндегі студенттер мен оқытушылардың өзара іс-әрекетін жүзеге асыратын тәсіл болып саналады.

Жоғары мектептерде оқытуды ұйымдастыру дәрісханалық және дәрісханадан тыс жолдармен іске асырылады, олардың әрқайсысында студенттермен оқу жұмысын ұйымдастырудың жаппай, топтық және жеке түрлері қолданылады. Оқу пәнін ұйымдастырудың дәстүрлік формасын төмендегіше жинақтауға болады.

Теориялық дайындыққа бағытталған Практикалық жұмыстарға бағытталған, лекция, семинар, өз бетінше жұмыс, конференция, кеңес беру практикалық оқулар, курстық жобалау, дипломдық жобалау, практика, іскерлік ойындар жүргізіледі.

Біздің  қарастырып отырғанмыз  ең басты лекция. Жоғары мектептің бүкіл тарихи кезеңдерінде – дүниеге келуінен бастап, бүгінгі күнге дейін лекция оқытуды ұйымдастырудың жетекші формасы болып табылады. Студенттің оқу пәнімен алғашқы таныстығы содан басталады, ол жастарды лайықты мамандық пен ғылымға жетелейді, ғылыми білімдердің негізін қалайды. Жоғары оқу орындарындағы лекция – оқытудың дидактикалық циклінің басты буыны. «Лекция» сөзінің негізінде латынша «lektio» оқу деген сөзі жатыр. Лекция Ертедегі Грецияда пайда болған және ертедегі Римде және орта ғасырларда әрі қарай дамыған. Жоғары оқу орындарындағы лекция – дәріскердің дәрісханамен шығармашылық қатынасы, осындай қатынастардың тиімділігі, танымдық және эмоциялық тұрғыдан алғанда, студенттердің осындай мәтінді оқығанына қарағанда, өте жоғары саналады. Лекцияларда тыңдаушыларға қайталанбас, күшті әсер қалдыратын, айрықша, тек өзіне ғана тән сипаттар бар. Сонымен қатар, лекция білім негіздерінің сараланған түрін және оқу материалына бағыт алуда өте үнемді тәсіл екендігін атап өтуіміз керек.

Егер лекция ойлау қызметінің белсенділігін арттырған жағдайда, онда оқылатын жаңа оқу материалын студенттер жақсы меңгереді. Сондықтан лекцияда ең басты нәрсе – тыңдаушылардың ынта-ықыласын арттыру, олардың ойының дәріскер ойына ерісіп отыруы.

Студенттерге жалпы әсер етудің арқасында оқу материалын жеткізудің лекциялық тәсілі, әзірге, дәріскердің өзінің ықпалы мен дәрісханамен байланысы арқасында ешқандай басқа әдістермен ауыстырылмайды. Студенттердің танымдық қызметін ұйымдастырудың бұл жетекші түрінің барлық әлуеттік мүмкіндіктерін лекцияда толық мүмкіндігімен пайдалану, оларды ғылыми ойлау жүйесіне және дәріскердің ғылыми мектебіне тарту – оқытушыға байланысты.

 Реферат / 22 бет


Comments closed.