МАЗМҰНЫ
Кіріспе
І. Жаңа технологияны қолдануда ақпараттық жүйенің әсері
1.1. Тәрбие әдістері.
1.2. Тәрбие формалары.
1.3 Тәрбие технологиялары
ІІ. Жаңа технологиянынң ұжыммен байланысы
2.1. Ұжым туралы түсінік.
2.2. Ұжымның түрлері.
2.3 Ұжымды басқару мүшелері
2.4 Ұжым дамуын басқару.
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Оқыту әдістерінің  барлығы ретімен білім, білік, дағдыны қалыптастыруға бағытталған. Тәрбие әдістерінің олардан айырмашылығы, мұғалім мен оқушы арасындағы өзара байланыс  іс-әрекеттерінің соңғы нәтижесінде  тәрбиелі тұлғанының сапалы даму деңгейін анықтайды. Тәрбие мақсаты жемісті болу үшін тәрбие әдістерін тиімді пайдалану қажет. Әдістердің бірлігі оқушылардың  тәрбиелеу деңгейін және әрбір кезде адекватты қойылған мақсатты іске асыруға бағытталған.

Тәжірибелі педагогтың жеке іс-әрекет стиліне байланысты  тәрбие әдісі әртүрлі өткізіледі. Педагог жалпы тәрбие әдісін өзінің нақты іс-әрекетінде қолдана білуінде көрініс табады.Жеке жағдайларда тәрбиеші жеке өзінің әлде әріптестерінің әдістерін қолдана отырып жаңа, дәстүрлі емес шешімдерге келеді. Әдістерді жетілдіру тапсырмасы  үнемі бар болған және әрбір тәрбиеші өзінің күш деңгейіне сүйене отырып жалпы әдістерге  тәрбие процесінің жеке шарттарына сәйкес келетіндей  толықтырулар мен өзінің жеке өзгерістерін енгізеді.

Педагогикада тәрбие әдістерінің классификациялық  әртүрлі нұсқасы бар. Тікелей және жанама педагогикалық әсердің тәрбиелік әдістерінің  тобын шартты түрде бөлуге болады. Тікелей педагогикалық әсердің әдістері оқушының жылдам әлде баяу реакциясын  және оның өзін-өзі  тәрбиелеуге бағыталған сәйес іс-әрекетін анықтайды. Жанама педагогикалық әсердің  әдістемесі осындай жағдайдың ұйымдастыру іс-әрекетінде тәрбиеленушінің бойында өзін-өзі жетілдіруге бағытталған және оның педагогтармен, жолдастаымен және қоғаммен қарым –қатынас жүйесінде белгілі бір позицияның қалыптасуының пайда болуын анықтайды.

Қазіргі  заманғы педагогикада оқушыға әсер етуіне сәйкес тәрбие әдістерін сенім, жаттығу, ынталандыру және жазалау  деп бөледі. Кездейсоқ  мәліметтерде жалпы жіктелу белгісі бойынша «әдістер сыйпатын»  қоса алғанда  өзін-өзі бағыттылық, іске асатындық, айрықшалық және басқа даәдістер бар.

Оқушылардың жүріс – тұрысын ынталандыру, іс-әрекетін  ұйымдастыру және сенім әдісіннің  үйлесуіне сәйкес жіктеледі. И.С.Марьенко келесі тәрбие әдісінің жіктелу тобын көрсетеді: анықтау – репродуктивті, проблемалық – ситуатсиялық,  дағдыландыру – жаттықтыру, ынталандыру, тежелу (кедергілеу), жетекшілік және  өзін — өзі тәрбиелеу.

Тәрбие әдісінің мақсаттылық, мазмұндылық, іскерлік жақтарын қамтитын дәстүрлі классификация болып табылады. Бағыттаушылық негізіне сай әдістердің үш түрлі тобын көрсетуге болады. Олар сананы  қалыптастыру әдістері (әңгімелеу, түсіндіру, анықтау  дәріс, этикалық әңгімелесу, иландыру, нұсқау беру, пікірталас, баяндама, өнегілілік); ұйымдастырушылық пен мінезді қалыптастыру әдістері ( жаттығу, тапсырма, тәрбиелік жағдаят); ынталандыру әдістері (жарыс, ынталандыру, жазалау).

Профессиялық  педагогикада педагогтар мен тәрбиеленушілер негізінде әдістер классификациясы қалыптасқан:

● коллективті ұйымдастыру әдістері.

● сендіру әдістері

● ынталандыру әдістері.

 Реферат / 15 бет


You must be logged in to leave a reply.