Қазіргі қоғамда экономикалық, әлеуметтік, саяси және адамгершілік проблемаларды шешуде білім сапасының рөлінің зор екені ескеріліп келеді. Ақпараттар легі бірте-бірте ұлғайып келеді, сондықтан  қазір мектепте, тіпті жоғары оқу орындарында бүкіл өміріне жететін білім алу мүмкін емес. Қазіргі білім беру жүйесінің өмір сүруі мен дамуының негізгі принципі – оның үздіксіздігінде. Ол үшін білім беру процесінде оқушының рөлін өзгерту керек. Педагогикалық процесті ұйымдастыруға жаңаша қарап, сол жаңаны өмірге енгізу қажеттілігі туындап отыр. Оқу және білім беру қызметін ғылыми тұрғыда ұйымдастыру қазіргі таңда жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы жүзеге асырылып жатыр.

Қазіргі таңда Қазақстан мектептері бірнеше технологиялармен жұмыс істеп келеді. Соның ішінде біздің №3 гимназия 2006 жылдың тамыз айынан бастап мұғалімдердің білімін жетілдіру институтының және В.М.Монаховтың педагогикалық технологиясы орталығының басшылығымен В.М.Монаховтың жобалап оқыту технологиясының тәжірибе алаңына айналып отыр.

Жалпы В.М.Монаховтың педагогикалық технологиясы орталығы 2003 жыдың қараша айынан Тольятти қаласында өз жұмысын бастаған. 2005 жылдың желтоқсан айынан Қазақстан аймақтарында да қолданыла бастады. Ал 2006 жылдың тамызынан Қызылорда мектептерінде В.М.Монахов технологиясы бойынша жұмыс жүргізіле бастады.  Мектептердегі жұмыстар лекция, семинар,  жеке және топтық кеңестер түрінде өткізіді. Қазіргі таңда біздің гимназияда 5 мұғалім: Чеснокова С.А., Омарова Ж.Б., Ерімбетова Р.П., Агитаева Г.К., Шағырбаева С.Д. В.М.Монаховтың жобалап оқыту технологиясы бойынша жұмыс жасап келеді.

Жобалап оқыту технологиясы педагогтың интеллектуалдық, кәсіби, моральдық, рухани, азаматтық және басқа да сапалық қасиеттерін қалыптастыра отырып, мұғалімнің жеке тұлғасына тікелей әсер етеді.

Жобалап оқыту технологиясы оқушының жеке тұлғасына көзқарасты өзгертеді. Ол оқушыны оқу үдерісін ұстазбен бірге тең дәрежеде жүзеге асырушы ретінде қарастырады, оның жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп отырады. Мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы психологиясын қайта құру, қайта қарау жұмыстары жүргізіліп келеді. Бірінші кезекте оқушыға субъект ретінде қарау керек. Оқытудың мазмұны мен түрі толыға түседі, яғни әдістемелік жүйе адамгершілік тұрғыдан байи түседі.

Жобалап оқыту технологиясының қолжетімділігімен, қабылдау шапшаңдығын арттыруымен, барлық мұғалімнің қолдануына тиімді екендігімен ерекшеленетінін тәжірибе көрсетіп отыр. Одан басқа, технология кез-келген сыныпта, кез-келген пән бойынша қолданыла береді, оның жан-жақтылығы осында.

«Педагогикалық технология – барлық жағынан ойластырылған, жобалау, ұйымдастыру және оқу процесін жүзеге асыру барысында оқушы мен мұғалім үшін барлық жағдайды жасауды көздейтін педагогикалық қызметтің моделі. Технологияны дұрыс жүзеге асыру үшін ең алдымен төмендегі әдістемелік принциптерді сақтау қажет:

  1. мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне сену керек;
  2. оқу үдерісінің кез-келген кезеңінде оқушылардың білім-білік, дағдыларына кепілдік беру;
  3. оқу үдерісін тақырып жағынан жобалау;
  4. баланың дұрыс дамуы;
  5. кертартпа іс -әрекеттер мен шектеулерді жоя отырып, дәстүрлі мектеп қорын дұрыс пайдалана білу
  6. оқу үдерісінде оқушы мен мұғалімнің бірлескен жұмысын дамыту;
  7. мұғалімнің өзін жайлы сезінуі және оқушының өзін жайлы сезінуі;
  8. оқыту технологиясын жобалауда мазмұны мен  жүйелілігінің бірлігінің болуы;
  9. әрбір оқушының жалпы білім беру стандартының базалық деңгейін міндетті түрде меңгеруі;
  10. Оқу технологиясын жобалауда міндетті нормалардың сақталуы ( Бұл принцип бірінші рет мұғалімдерге бала денсаулығы мен дамуына нұқсан келмейтіндей етіп оқытуға шек жасайды. Бірінші сыныптан соңғы сыныпқа дейін барлық мұғалімдер ғылыми негіздегі кеңестер мен психолого-педагогикалық және физиологиялық бағыттағы шектеулерді ескеріп, орындап отырады.)

Педагогикалық технологияларда басты назар оқушының дамуына аударылады.

«Педагогикалық технология – мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартып отыратын және соңғы нәтижеге кепілдік беретін технологиялық іс-әрекеттер жиынтығы.

В.М. Монахов оқу үдерісінің моделін қарастырады, өйткені оқу үдерісін зерттеу мүмкін емес, тек оқу үдерісінің моделін ғана зерттеуге болады.  Оқу үдерісінің ақпараттық моделін таңдау немесе құру технологияландыру үшін басты нәрсе болып табылады.

Оқу процесін жобалау технологиясы бойынша мұғалім жұмысының кезеңдері:

  1. Оқу процесін технологиялық карта атласы түрінде жобалау;
  2. Жобаны шынай оқу процесінде жүзеге асыру, оқу процесінің сапасы жөнінде ақпарат жинау;
  3. Жинақталған ақпаратқа талдау жасау;
  4. Жүргізілген талдау негізінде жобаға өзгерістер енгізу.

В.М.Монаховтың жобалап оқыту технологиясы жобалау кезінде де және оны жүзеге асыру кезеңінде де қолданылатын мынадай бес түрлі сатылардан тұрады:

— мақсат қою ( кіші мақсаттар жүйесі)

— диагностика

— оқушының өзіндік жұмысының мөлшері

— жобаның логикалық құрылымы;

— түзету

Оқу үдерісін технологияландыруда басты нәрсе – тақырыптарды дәстүрлі жағдайда емес, мағыналық ұқсастықтарына қарай таңдап алу көзделеді. ( оқу тақырыптарының шегі 6-8 сабақтан 22-24 сабаққа дейін).

В.М. Монаховтың педагогикалық технологиясында оқу үдерісін жобалаудың басты үш объектісі анықталған:

1)          технологиялық карта  (ТК);

2)          оқушы дамуының ақпараттық картасы (ОДАК) (ИКРУ);

3)          сабақтың ақпараттық картасы  (САК) информационная карта урока (ИКУ).

ТК, ОДАК және САК В.М.Монаховтың технологиясында мұғалімдердің іс-тәжірибесінен өтіп, бекіген.

ТК мен ОДАК жобалаудың, атап айтқанда, оқушыны  дамытуға бағытталған  оқу үдерісін жобалаудың жаңа қырларын ашып көрсетті.

Технологиялық карта – бұл оқу үдерісін тақырыбы бойынша жобалаудың «паспорты» болып табылады. ТК оқу үдерісінің бес бағытын қамтитын бес құрамнан тұрады. Барлық бес құрамы бір-бірімен тығыз байланысты:

— кіші мақсатардың мазмұны диагностиканың мазмұнын анықтайды;

— диагностиканың мазмұнынан үй жұмысының мазмұны, көлемі және ауырлық деңгейі анықталады;

— үй жұмысы көлемінің жеткілікті не жеткіліксіз екені диагностика жүргізілген кезде анықталады;

— логикалық құрылым – бұл оқу үдерісінің мазмұн мен жүйе жағынан бірлігі

— түзету – мұғалімнің  диагностикадан өтпеген оқушымен тікелей жұмысының бағдарламасы.

Технологиялық картаның құрамына толық тоқталайық.

  1. 1.      Мақсат қою.

Мақсат қою – бұл мұғалімнің өзі анықтайтын кіші мақсаттар жүйесі. Атап айтқанда, бағдарламаның мазмұнына талдау жасай отырып, білім беру стандарты талаптарына, өзінің жеке әдістемелік іс-тәжірибесіне  сүйене отырып, мұғалім тақырыптың негізгі мазмұнын мақсат қою тіліне айналдырады. Кіші мақсаттар белгілі бір жүйемен жүргізілуі керек.

Оқу тақырыбының кіші мақсаттары тақырыптың көлеміне қарай 2-5 аралығында болады.

Кіші мақсаттар қою мұғалімнен міндетті түрде оқушыларға түсінікті арнайы әдістемелік тілмен жазылуын және нақты жеткізе білу дағдысын талап етеді. Сондықтар мақсаттар «білу», «түсіну», «жасай білу», «елестете алу», «сипаттама бере білу» және т.б. сөздермен беріледі.

Мұғалімнің әдістемелік шеберлігі  кіші мақсаттарды нақты және дәл қоя білуінен, яғни тақырыптың басты сұрағын анықтай білуінен  көрінеді

Кіші мақсаттар қоя отырып, біз жеке тұлғаға бағытталған жұмысқа алғашқы қадам жасаймыз және екі маңызды нәтижеге жетеміз:

—                        мұғалім тақырыптық жоспарлаудан кетіп, алдағы оқу процесін жобалауды кіші мақсаттар жүйесі түрінде көретін болады ( бұл жаңа әдістемелік ойлаудың бастамасы);

—                        оқушы үшін оның білімі мен дағдысына қойылатын талаптардың нақты және жаңа жүйесі құрылады.

Кіші мақсаттарды құру процесі (мақсат қою) технологияда ең негізгісі болып табылады. Өйткені кіші мақсаттар диагностика құрылымының мазмұнын, оқушының өзіндік жұмысының көлемін және түзету мен логикалық құрылымының мазмұнын анықтайды.

В.М.Монахов технологияның әдістен басты айырмашылығы: әдіс – оқу процесін жүргізу үшін мұғалімге берілетін кеңестердің бірлігі, ал технология соңғы нәтижеге жетудің кепілі деп есептейді. Монаховтың технологиясында соңғы нәтиже диагностикада арнай жасалған өзіндік тексеру жұмысы арқылы жүзеге асырылады.

2. Диагностика.

Диагностика – бұл кіші мақсаттардың орындалуын ( әрбір кіші мақсаттың орындалғанын не орындалмағанын)  анықтау үшін мұғалім құрастырған өзіндік тексеру жұмыстарының жүйесі.

Әрбір кіші мақсатқа өз өзіндік жұмыс (ӨЖ) үлгісі құрылады. Мұғалім технологиялық картамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру үшін үнемі кіші мақсаттар мазмұнына өзіндік жұмыстың сай келуін қадағалап отыруы керек.

В.М.Монахов «Диагностика» бөлімінің мәнін мынадай ережелер арқылы береді:

Ереже 1. ӨЖ екі түрлі тапсырмалардан тұрады: білім беру стандарты (бағдарлама)  деңгейіндегі тапсырмалар және жоғары деңгейдегі тапсырмалар.

Ереже 2. Стандарт деңгейіндегі ӨЖ  төрт тапсырманы қамтиды: екеуі – стандарт деңгейінде, екеуі – жоғары деңгейде.

Ереже 3. ӨЖ-тің жалпы деңгейі:

1)      білім стандарты деңгейіндегі тапсырмалар;

2)      білім стандарты деңгейіндегі тапсырмалар;

3)      «жақсы» деген баға деңгейіндегі тапсырмалар;

4)      «үздік» деген баға деңгейіндегі тапсырмалар.

Ереже 4. Алғашқы екі тапсырма бірдей деңгейде, жеңіл және оқушыларға толық түсінікті болуы керек.

Ереже 5.  Кез-келген оқушы өзінің алдыңғы нәтижелеріне қарамастан тапсырмаларды берілген ретпен орындайды.

Ереже 6. «Жақсы» деген бағаға арналған №3 тапсырма №1 және №2 тапсырмаларға қарағанда анағұрлым қиындатылуы тиіс. Оның қиындатылуы кіші мақсаттардың мазмұнына сай болуы керек.

Ереже 7. №4 тапсырма №3 тапсырмаға қарағанда ауыр болуы тиіс.

В.М. Монахов өте қарапайым, екі жақтылық пен екіұштылыққа жол бермейтін оқушыларды бағалау жүйесін ұсынады.

Оқушы жетістігін бағалау жүйесі:

№1 және №2 тапсырмаларда қателіктер жіберген оқушылар түзету тобына кіреді.

— №1 және №2 тапсырмалар орындалса, «Үй тапсырмасын мөлшерлеу» бөлімінде мөлшерленген тапсырмалар көлемі беріледі.

— №1 және №2 тапсырмаларды орындаған оқушы « сынақтан өтті», яғни «қанағаттанарлық» деген баға алады ( стандарт деңгейін қанағаттандырады).

Оқушы білімін бақылау мен бағалаудың басты тиімді жақтары:

  1. Оқушының стандарт деңгейін меңгеретініне кепілдік беріледі.
  2. Оқушы мен мұғалім тең дәрежеде ( ӨЖ үлгілері алдын-ала берілген)
  3. Оқушылар өздерінен талап етілетін білім-білік, дағдыларды нақты біледі: ашық, айқын.(Мұғалім соңғы сәтте тапсырма деңгейін, ауырлық деңгейін өзгерте алмайды )
  4. «Жүктеме нормасы», «талап нормасы», «баға нормасы» іске асырылады.
  5. В.М.Монахов технологиясында оқушыға жеке тұлға ретінде сыйластықпен қарау ұсынылады, яғни оқушы қандай бағаға жауап бергісі келетінін өзі таңдайды. Біздің ойымызша, осыдан бастап оқушының өзін дамытуға деген талпынысы осыдан басталады.

3. Үй тапсырмасын мөлшерлеу ( оқушының аудиториядан тыс өзіндік жұмысы)

Бұл бөліктің негізгі практикалық тұрғыдағы мақсаты – арнайы жасалған жаттығулар жүйесіндегі белгілі бір тапсырмалап көлемін өз бетінше орындау арқылы оқушыны диагностикаға дайындау.

Адамгершілік тұрғыдағы мақсаты – оқушыға қандай бағаға жауап беруді таңдау құқығы беріледі. ( бұл жерде тәрбиелік мән де бар.

Одан басқа, басты мақсат —  мөлшерден тыс жүктемеден арылады.

Мұғалім кіші мақсаттарға жету үшін қажет аудиториядан тыс өзіндік жұмыс мазмұнын өзінің әдістемелік тәжірибесіне сүйене отырып анықтайды.

Әрине, мұғалімнің қателесуге құқығы бар. Ең бастысы, «Диагностика» бөліміне дер кезінде өзгеріс енгізу керек.

ТК құрастыруда ең маңызды кезең – үш бөліктің  кез-келгеніне: мақсат қою, диагностика, үй тапсырмасын мөлшерлеуде алдыңғылардың маз

Мұғалім кіші мақсаттарды анықтап алғаннан кейін, оған диагностикалау жолдарын анықтағаннан кейін, енді оқушыны тиісті деңгейге жеткізетін өзіндік жұмыс мөлшерін анықтайды.

4. Оқу процесінің логикалық құрылымы —  оқу процесіндегі сабақтар жүйесінің жалпы құрылымы.

Оқу процесінің логикалық құрылымы кіші мақсаттар санына қарай бөлінетін сабақтар тізбегі. Кіші мақсаттар, яғни сабақтың басты сұрақтары оқушының жақын арадағы даму аймағын анықтайды және әр бөліктегі алынған білім  өзіндік жұмыспен бекіп отырады.

Оқу процесінің логикалық құрылымында оқушы дамуЫның өзіндік бағдарламаларына ерекше көңіл бөлінеді:

—        танымдық қызығушылығын қалыптастыру және қолдау бағдарламасы;

—        ойын дамыту бағдарламасы;

—        есте сақтау қабілетін дамыту бағдарламасы;

—        тілін қалыптастыру және дамыту бағдарламасы;

—        оқу еңбегіне қарым-қатынасын тәрбиелеу бағдарламасы және т.б.

5. Түзету – диагностикадан «сынақ» ала алмаған оқушыларға, яғни стандарт деңгейін меңгермеген оқушыларға арналған. Бұл өз кезегінде осындай оқушыларды стандарт деңгейіне жеткізудің бағдарламасы болып табылады.

Бұл бөлікте технология авторы  үш нәрсеге ерекше көңіл бөлуге кеңес береді:

Бірінші – мұғалімнің пікірі бойынша осы бөліктегі кіші мақсаттарға жету жолында кездесетін қиындықтар

Екінші – осы тақырыпта оқушыларға кездесетін үнемі жіберілетін қателіктер

Үшінші – оқушыны білім беру стандарты деңгейіне көтеретін әдістемелік және педагогикалық сипаттағы шаралар жүйесі.

Осы үш ұстаным әр кіші мақсаттарда қайталанып отырады.

Сонымен, технологиялық карта –барлық оқушылардың түгел дерлік пән бойынша, тақырып бойынша міндетті деңгейде бағдарламаны игеруіне  мүмкіндік беретін, ал анағұрлым қабілетті оқушыларға жоғары деңгейде білім алуға мүмкіндік беретін оқу процесінің нақты сызбасы.

ТК өзіне оқу процесінің басты компоненттерін біріктіреді. Бірақ ол  сабақ туралы толық ақпарат бермейді. Сабақ мазмұны сабақтың ақпараттық картасында (САК) толық сипатталады.

САК-сы келесі құрылымдардан тұрады:

1)      сабақтың міндеті;

2)      сабақ мазмұны;

3)      мұғалімнің әдістемелік құралдары;

4)      оқушы-мұғалім қарым-қатынасының нәтижесі.

Сабақтың ақпараттық картасының негізгі міндеті : диагностиканың нәтижелі болуын басқару  және «үй жұмысын мөлшерлеу» бөлімінің нәтижелі орындалуын басқару.

Педагогикалық технологияның басты құндылығы – сабақтың басым бөлігі оқушыны дамытуға кетеді. Дамыту міндеттері (немесе оның болмауы) нақты, анық, сабақ-сабақ бойынша оқушы дамуының ақпараттық картасында (ОДАК) көрсетіліп отырады.

ОДАК-да дамыту міндеттері, оқу-танымдық процестің мазмұны, мұғалімнің әдістемелік құралдары, даму бағыттары көрсетіліп қойылады.

ОДАК  — біздің зерттеуіміз үшін өте қызықты.

Осыған дейінгі тәжірибе жобалап оқыту технологиясы тікелей оқушыларға арналғанын, өйткені қазіргі технологияландыру процесі оқушының білім беру процесіндегі рөлін өзгертуге бағытталғанын көрсетеді. Технологиялық карта оқушыға бақылау жұмыстарына дұрыс дайындауға мүмкіндік береді. Диагностика оқушыны жүйелілікке үйретеді, оқушының әрбір сабаққа дайындықпен келу дағдысы қалыптасады.  Алдын-ала қарастырылғын үш деңгейдегі үй тапсырмасы мен бақылау кесіктері оқушыға өзінің оқу траекториясы мен дамуын өзі анықтауына мүмкіндік береді. Оқушы технологиялық картамен алдын-ала танысу арқылы мұғаім қашан және нені сұрайтынын, қай жауапқа қандай баға алатынын біліп отырады. Технологиялық карта мұғалім мен оқушы, мұғалім мен ата-ана, оқушы мен ата-ана арасындағы байланысты тиімді дамытады.

Гимназия мұғалімдері технологиялық картамен жұмыс барысында біршама қиындықтарға, түсінбеушіліктерге тап келгенін айтады. Бірінші қиындық — өтілген тақырыптағы ең бастысын  қосымша оқу материалынан ажырата алмау. Мұғалімдер көбіне оқушыға барынша кең, толық ақпарат беруге тырысады да, ол ақпарат кейде меңгерілмей қалады. Кез-келген оқу курсы – бұл ғылымның бір бөлігі, сондықтан мұғалімнің міндеті – оқу материалындағы ең бастыны тауып, соны оқушы санасына жеткізу. Монахов технологиясымен танысу мұғалімдерді осыған үйретті. В.М.Монахов технологиясымен жұмыс істеу барысында кей материалдардың мазмұнын қайта құруға, орнын алмастыруға тура келеді. Әсіресе жаттығу жұмыстары ерекше көңіл бөлуді қажет етеді, өйткені оқулықта берілген жаттығулар кейде қате беріледі, кейде шым-шытырық, оқушының түсінуіне қиын, кейде бірыңғай бір деңгейге арналған  немесе оқушыны жалықтыратындай болып келеді. Орыс тілі пәні мұғалімі Омарова Ж.Б. бұл технология мұғалімнің өзіне сын көзбен қарап, өзін қайта құруына көп көмектескенін айтады. Мұғалім технологиямен жұмыс істеу арқылы сабақ түсіндіру барысында мағынасы терең, ойды дәл жеткізетін сөздерді тауып айтуға тырысатын болғанын, дауыс ырғағына, екпініне, кідіріске ерекше мән бере бастағанын айтады.

Диагностика мазмұны да ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Іс-тәжірибе барысында мұнда да қиындықтар кездесіп жатты. 1-2 тапсырмада нақты жаттығулар берісе, ал 3-4 тапсырмаар шығармашылық сипатта болды, яғни сәйкесін таңдап алу, ойлап табу, мысал келтіру т.б. 3-4 тапсырмаларда оқушылар мұғалімнің өз мысалын қайталап айтса, ал 1-2 стандартқа сай берілген тапсырмалар оқушы үшін қиын болып шықты. Мұғалімге технологиялық картаны қайта құруға тура келді.

Диагностиканың мұғалімдерге ұнайтын жағы – мұғалім оқушы қатесіне талдау жасау барысында оқушының оқу материалының қай тұсын меңгермегенін, қай анықтаманы жаттамағаны немесе қай материалды мүлде білмейтіні анық көрініп тұрады. Осыған байланысты оқушыға қай тұсты игеру керектігі жөнінде толық бағыт беруге болады. Диагностикадан кейін коррекция бөлімінде оқушылардың өздеріне қателерін тапқызып, дұрыс жолын түсіндіруге үйретуге болады. Сондай-ақ диагностика дайындық кезіндегі жаттығу жұмыстары кезінде мұғалімге оқушымен жеке жұмыс жасауға мүмкіндік туады. Көбіне оқушылар тапсырманы орындап отырып, өз жауаптарының дұрыс не бұрыстығын тексеріп беруді, сұрайды бұл жағдайда мұғалім дұрыс жауабын айтпай, оған бағыт беріп, қайдан іздеуге болатынын айтады, оқушы өзі ізденеді. Бұл көптеген оқушыларға ұнайды да.

В.М.Монахов технологиясы бойынша жұмыс мұғалімнен оқу материалын тыңғылықты, дұрыс таңдап алуды талап етеді.

 Реферат / 9 бет


You must be logged in to leave a reply.