28. декабря 2011 · Комментарии к записи Шығармашылық шыңдалу — басты бағыт отключены · Categories: Педагогика

Қазіргі кезде ғылымда тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыруына тәрбиелеу жөнінде яки түрлі пікір қалыптасқан. Олардың бірі-өзін ұйымдастыру тәрбиеге байланысты десе, екіншісі – тәрбиеге байланыссыз деп тұжырымдайды.Көпшілік ғалымдар тәрбиеге байланысты деген пікірді қуаттайды. Шын мәнінде адамның барлық жақсы қасиеттері, жақсы сапасы тек қана биологиялық емес әлеуметтік жағдайлардан да болып, ол өмір бойы игеріледі. Өзін дамыту, пайдалану адамның интеллектуалдық ерекшелігіне және еріктік бағытта болатын әрі қарай әрекетке дамитын қабілет. Бұл қабілет жоғары деңгейде өзін дамыта, ұйымдастыра алатын тұлғаларда ақыл-ойдың дербестігі, өзіне сенімділігі, табандылық сияқты қасиеттер арқылы шығармашылықты дамытады. Өзін жетілдіру, өзін-өзі ұйымдастыру үшін қажетті аса маңызды қасиет – ол салауаттылық.

Өйткені ол үшін денсаулық мәдениеті, еңбек қабілеті, рухани байлық қажет, сонда ғана адам өзін-өзі жеңеді, жетілдіреді, бұл жеңістің төресі. Бұл – шығармашылық.

Адамзаттан қоғамдық тәжірібесін меңгеруге баланың әрекеті мен мінез – қылығын бағыттайтын белсенді үрдіс – оқыту деп аталады.

Дидактиктер М.Я.Лернер, В.В.Краевскийлер 70-жылдары оқушылардың шығармашылық әрекетіне көңіл бөлінбегенін, оған себеп әдістер концепциясында бағыттау болмағандығынан деп көрсетеді. Зерттеушілік әдіс және проблемалық оқытудың басқа да әдістері алғаш кеңес педагогикасы номенклатурасында жоқ болып, тек әңгіме әдісі басым болғанын айтады.

Реферат / 5 бет


Comments closed.