01. января 2012 · Комментарии к записи Педагог – педагогикалық іс — әрекеттің субъектісі отключены · Categories: Педагогика

Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім. Педагогтың кәсіби – құзыреттілігі — өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиеле көрсеткіші
ІІІ.Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Қоғамда болып жатқан әлеуметтік – экономикалық өзгерістерге сәйкес білім беру мақсаты мен міндеттері окушыларды әлемдік даму деңгейіне сәйкес келетін белгілі бір біліммен қаруландыруды және үлттык, сана – сезімін тәрбиелеуді көздейді.

Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне — өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп — қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады. Тәрбиенің сан – салалы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға бастайтын, күнделікті түрмыста кездесетін дағдылар аркылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы — бастауыш мектеп. Бастауыш саты — білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Келешекте жалпы білім алумен кез – келген арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы осы бастауышта қаланбақ. Өйткені баланың жеке бас қасиеттері, оның адамгершілігінің, белсенділігінін калыптасуы мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш сыныптарда жузеге аспақ. Оқушының рухани күш – куаты мен ерік – жігерінің, шығармашылық қабілетінін, жалпы мүмкіндіктерінің ашылар кезі. Бастауыш мектептің негізгі міндеті — жеке тулғаны дамытып, оның алғашкы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, окуға дегеп қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты түлға  — Ұстаз.     Тек мықты үстаз ғана осындай ауъір жүкті алып жүре алады.
Халқымыз әрқашанда ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары кастерлеп, бағалаған. «Ұстаздық еткен жалыкпас, Үйретуден балаға», «Адамның адамшылығы жаксы ұстаздан болады», деп айтқан ұлы Абай.
Ал чехтің педагогі Я.А.Коменский: «Мүғалім мәңгі нұрдың кызметшісі, ол барлық ой мен кимыл орекетіне ақьщдың донін сеуіп, нүр құятьш тынымсыз жалын иесі», — деп, ұстаздар қауымын жоғары бағалаған.
Мектеп табаддырыгын аттаған жас бала ертеңгі ел түткасы десек, оларды парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу — әрбір ұстаздың борышы. Бүгінгі мүғалім кіші мектеп оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, оларға халықтык педагогиканың нәрлі қайнарымен сусындату, әрбір оқушы бойына үлттық мінез – құлық, адамгершілік, сыпайылық пен кішіпейілдік қасиеттерін калыптастыруға, баланың жан дүниесін рухани қазыналармен байытуға, қазақ халқының әдет – ғұрпын, салт – дәстүрін меңгертуге тиіс.
Алдыңгы қатарлы тәжірибені жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдерді, оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, окушылардың жалпы дамуын камтамасыз етуі керек. Мұндай жағдайда мүғалімнің шеберлігі, үйымдастырушылык кабілеті үлкен рөл атқарады. Кіші мектеп окушылары үшін муғалім олардың еліктейтін, үлгі ететін абыройлы жан. Олар ұстазының бүкіл іс – қимылына, жүріс – тұрысына, сөйлеу мәнеріне, адаммен қарым – қатынасына еліктейді. Сондықтан да жауапкершілігі мол, адал да мейірімді, әділ де парасатты, рухани дүниесі бай педагогтар ғана балаға білім мен тәрбие беріп, оның жан дүниесіне әсер ете алады.

 Реферат / 16 бет


Comments closed.