Әлемдік бәсекелестік зама­нында әрбір адамның білім са­пасын, қабілеттік деңгейін, іскерлік мүмкіндігін анықтайтын адам ресурстарын дамыту мәсе­лелері күн тәртібіне өткір қой­ылып, адамның білімі мен білік­тілігі қазіргі кезеңде мемлекет­тердің бәсекеге қабілеттілігінің ең маңызды көрсеткішіне айналып отыр. Бәсекеге қабілетті, интел­лектуалдық күші жетік маман кадрлар болмай, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай экономика дамымайды. Қай заманда да өр­ке­ниеттің өрлеуі интел­лек­туалдық шығармашылық қабілет­тің негізінде іске аспақ. Осындай қабілеттердің дамып, шыңда­луы үшін өткізілетін кон­ференция, семинар, курстар, дөңгелек үстел, пәндік олим­пиа­далар, интеллектуалдық ойындар, дебат, байқаулар – жеке тұл­ғаларға арналған іс-шаралардың бәрі де ұстаздың жаңашыл педагогикалық ойлауына, жеке адамды дамыту құралы болып табылатын оқыту үрдісін қалып­тастыруға және шығармашылық дамуына, кәсіби шыңдалуына негіз болады. 

реферат / 7 бет


You must be logged in to leave a reply.