ЖОСПАР

Кіріспе
Негізгі бөлім

1. «Аджип ҚКО» компаниясы.
2. «ҚазТрансОйл» мұнай және су тасымалдау алпауыты.
3. «ӨзенМұнайГаз» ӨФ-ның даму тарихы.
4. Би Джи – жетекші қуат компанияларының бірі.

Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Қазір біз тамаша тарихи кезеңді бастан кешіріп отырмыз. Қазақстан егеменді ел болды, экономикалық қатынастардың қиын жолдарынан өтті. Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында қарқынды дамып келе жатқан елдің бірі. Кейінгі төрт жылда ішкі өнімнің жалпы табысы Қазақстанда 50%-ға өсті. Өндіріс көлемінің ұлғаюына өндіріс және қызмет көрсетудің барлық салаларындағы компаниялар, оның ішінде мұнай және газ өндіру кәсіпорындары да өз үлестерін қосып жатыр.

ХХ ғасырдың 60-жылдарындағы мұнай және газ кен орындарының ашылуы Маңғыстау өлкесін түбегейлі өзгертті. 40 жыл бұрын басталған «Өзен» мұнай көзін игеру – біздің еліміздің тарихындағы ең маңызды елеулі кезең. Бүгінгі мұнай-газ саласы Қазақстан экономикасын дамытудың негізгі тірегі, ол елімізде жүріп жатқан өзгерістердің нәтижесін анықтайды. Бұл саланың еңбеккерлері алдарында тұрған кең көлемді міндеттерді түсініп, оларды жүзеге асырады деп сенеміз.

Отандық мұнай нарқынын құрылымдары дамуда, «ӨзенМұнайГаз», «ЕмбіМұнайГаз», «ҚазТрансОйл» және шет елдік, «Аджип ҚКО», «Шеврон» және «Шелл» сияқты компаниялар Қазақстанды көркейтуге сүбелі үлес қосып отыр.

 Реферат / 14 бет

 


You must be logged in to leave a reply.